Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде су басқан ауылда егіздер дүниеге келді

Ақтөбеде су басқан ауылда егіздер дүниеге келді

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы су басқан Нұра ауылында әйел жүктіліктің 36 аптасында мерзімінен бұрын босанды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл аудан орталығынан 90 км қашықтықта орналасқан. Тасқынның салдарынан жол жабық.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жіберген акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматологтан құралған бригада межелі жерге дейін бара алмады.

Ауыл дәрігерлері ананы өз беттерінше босандыруына тура келді. Жүкті әйел дәрігерлік амбулаторияға жеткізілді. Жалпы тәжірибелік дәрігер мен медбикенің қатысуымен әйел сәтті босанды. Салмағы 2800 г және 3050 грамм болатын екі қыз дүниеге келді, - деп мәлімдеді ведомстводан.

Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.

ҚМ-нің тікұшағы ана мен баланы аудан орталығындағы ауруханаға жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ырғызда эвакуациялаған тікұшақта аэровизуалды тексеру кезінде эвакуацияланғандардың ішінде екі жаңа туған нәресте болғаны айтылған еді.
01 сәуір 2024 ж. 210 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 120

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 123

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930