Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дайын құжаттарды алуға арналған постоматтар 2 ХҚКО-да орнатылды

Дайын құжаттарды алуға арналған постоматтар 2 ХҚКО-да орнатылды

Қазақстанның тоғыз облысындағы ХҚКО-да дайын құжаттарды беру постоматтары орнатылды, олар 24/7 режимінде жұмыс істейді. Азаматтар постоматтардан өз құжаттарын кез-келген ыңғайлы уақытта, тіпті жұмыстан кейін де ала алады.
Бұған дейін бұл пилоттық жоба Астана мен Алматыда енгізілген болатын. Қызмет алушылар постомат арқылы 2 мыңнан астам құжат алды. Енді Мемлекеттік корпорацияның инновациялық жобасы Қызылорда қаласында орнатылды.
Айта кетейік, сервис сұранысқа ие қызметтің 11 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде баланың тууын тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқалары және басқалары бар.
Аталған қызметтер бойынша өтінімді рәсімдеу кезінде клиентке нәтижені постоматтан алу туралы ұсыныс айтылады. Клиент құжаттың дайын болғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін, 3 күннің ішінде құжатты алуы тиіс. Ұяшық биометриялық сәйкестендіруден өтіп, SMS-хабарламадағы 5 таңбалы кодты енгізгеннен кейін ашылады. Бұл үшінші тұлғалардың сервисті пайдалана алмауы үшін қауіпсіздік мақсатында жасалған.
Естеріңізге сала кетейік, дайын құжаттардың нәтижелерін алу үшін қызмет алушыларға ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Келген SMS-хабарламаға келісім беріп, дайын құжаттарды үйге жеткізуге тапсырыс бере алады.
Постомат орнатылған ХҚКО-мекенжайы:
Қызылорда қаласы, Астана 46
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
28 ақпан 2024 ж. 235 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930