ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігі және банкроттығы
2022 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды мақұлдады.
Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз беруді бастады.
Банкроттықтың үш түрі бар-соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.
Соттан тыс банкроттық
Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады. Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы арқылы беріледі. Қарыздар:
1. Екінші деңгейдегі банктер;
2. Микроқаржы ұйымдары;
3. Коллекторлық агенттіктер алдындағы бойынша.
Шарттары:
1. Қарыз 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді
Ақпарат https://id.mkb.kz сайтында қол жетімді
2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ
Ақпарат E.gov.kz сайтында қол жетімді
3. Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді)
Ерекше шарттары:
1. 6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін - борышты өтемеу кезеңінің бөлігінде 1-шарт ескерілмейді
2. Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе - жоғарыда аталған барлық Шарттар ескерілмейді.
Сот банкроттығы. Сотпен қарастырылады. Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі
Шарттары:
Барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша
Нені білу керек:
1. Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда - саттықта сатылады
2. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы
3. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді
4. Қаржы басқарушысы тағайындалады
5. Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ)
Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай
Рәсімді қолдану барысындағы шектеулер:
1. Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру) бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады
2. Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салу
Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.
Сауықтыру жоспары қаржы бақарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.
Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.
Ж.ТАБЫНБАЙ,
Қазалы ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы