Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақстан аруы" байқауының жеңімпазы 5 млн теңге алады

"Қазақстан аруы" байқауының жеңімпазы 5 млн теңге алады

18 қарашада Алматыда "Қазақстан аруы-2022" байқауы өтеді. Бұл туралы республикалық байқаудың ұйымдастырушылары айтты, деп хабарлайды sputnik.kz.
"Қазақстан аруы-2022" байқауы 18 қарашада сағат кешкі 20:00-де республика сарайында өтеді. Байқауға республикадан ең мықты деген 23 үміткер қатысады.
Шілде айында басталған кастинг талабы бойынша 17-21 жастағы арулар таңдалды. Бойы 165-172 см болу керек. Ұйымдастырушылар сөз сөйлеу, жүріс-тұрысы, тіл білімі, рухани сауаттылығы бойынша аруларды дайындайды.
"Байқау сапалы болу үшін ұйымдастырушыларға да қатысушыларға да қойылатын талаптар артқан. Негізгі талап – этникалық құндылықтарын сақтау, қазақ қызы деген атқа лайық аруды таңдау. Сол арқылы басқа қазақ қызына үлгі көрсету. Еліміз үшін маңызды шараларды қолдаймыз және әлемге танытамыз. Жеңімпаз Қазақстанның бет-беделі болу керек. Жаңа Қазақстанға, Жаңа Қазақстан аруына сенеміз", - дейді "Қазақстан аруы" байқауының президенті Айдай Исаева.
Алматы әкімдігі байқауды республика сарайында өткізуге рұқсат берген. Ұйымдастырушылар мемлекеттен бұдан басқа көмек алмаған.
Байқау жеңімпаздары бес номинация бойынша марапатталады. Бір номинация дауыс беру арқылы анықталады. Яғни, көрермендер QR код арқылы дауыс береді.
"Алғаш байқау туралы естігенімде сондай қызықтым, таңғалдым. Біз 10 күн дайындық кезінде аруларды барынша дамытуды мақсат тұтып отырмыз. Қимыл әрекетін, жеке бас сапасын, рухани тұрғыдан дамытамыз. Қыздармен психологтар, жаттықтырушылар жұмыс істейді. Жаттығу жұмыстары арнайы лагерьде өтеді. Бұл ең мықты жоба болады", - дейді фитнес директор Георгий Дубинин.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қыздар әлемдік байқауда биіктен көрінетіндей болуы керек.
Ал бас жүлдені иеленген аруға 5 млн беріледі және Тұран университетінде кез келген мамандықта тегін оқиды, сондай-ақ жеңімпаз құны 3-5 миллион теңгенің тәжін киеді.
"Қазақстан аруы" байқауының ұйымдастырушылары толық ауысқан. Байқау әділ болу үшін өзге елден де мамандар шақырылған. Ал республиканың 7 өңірі байқауға өз аруын ұсынбаған. Олар: Тараз, Ақтау, Өскемен, Петропавл, Талдықорған, Қызылорда, Орал қалалары.
09 қараша 2022 ж. 282 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930