Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қ. Тоқаев бірқатар кездесу өткізді

Қ. Тоқаев бірқатар кездесу өткізді

БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессия аясында Мемлекет басшысы Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен, Иордания Королі ІІ-ші Абдалламен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Президенті Питер Маурермен, Қатар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Танимен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.
Кейінгісінде тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту жайын талқылады. Энергетика және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі сөз болды. Мемлекет басшысы елде жүзеге асып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы баяндады. Өз кезегінде Еуропалық комиссияның Президенті ауқымды реформаларды жоғары бағалады. Одан соң тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі жан-жақты нығайтуға мүдделі екендерін жеткізді. Кездесу соңында Президент Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі екінші күнінің де жұмыс кестесі өте тығыз болды. Қазақ басшысы Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен де кездесті. Тараптар саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге баса мән берді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуды сөз етті. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель тұрақты байланыс орнатуға келісті. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Андорра Премьер-министрі Ксавьер Эспот Саморамен, Молдова Президенті Майя Сандумен және Литва Президенті ГитА-нас Науседамен де кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарының соңында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысымен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Антониу Гутерриштің Ұйымның Бас хатшысы лауазымындағы қызметін жоғары бағалап, оның 2023 жылы «Болашақ саммитін» шақыру туралы бастамасын толық қолдайтынын жеткізді. Президент осы маңызды жиынның қорытындысы Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететінін айтты. Тараптар Мемлекет басшысының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі хаб құру бастамасының жүзеге асырылу барысын қарастырды. Бас хатшы бұл маңызды бастаманы қолдайтынын айтты. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришті де елімізге сапармен келуге шақырды.

21 қыркүйек 2022 ж. 535 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031