Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 82 мың мемлекеттік қызметкер кәсіби мерекесін тойлап жатыр

Қазақстанда 82 мың мемлекеттік қызметкер кәсіби мерекесін тойлап жатыр

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда 82 мың адам жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның 55,7%-ы – әйелдер, 44,3%-ы – ерлер. Бұл ретте орталық атқарушы органдарда 42 мың, жергілікті атқарушы органдарда 40 мың мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.

Парламент cенаты аппаратында 207 адам, парламент мәжілісі аппаратында 338 адам жұмыс істейді.
103 адам – қала, кент және ауыл әкімдері мен олардың орынбасары.
65 адам әртүрлі елде төтенше және өкілетті елші болып жұмыс істейді.
Статистика мамандарының мәліметінше, 2017 жылдан бері елімізде мемлекеттік қызметкерлер саны 91 мыңнан 82 мыңға дейін азайған.
23 маусым 2022 ж. 265 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930