Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер коронавирустан емделгеннен кейінгі сауықтыру әдістерімен бөлісті

Дәрігер коронавирустан емделгеннен кейінгі сауықтыру әдістерімен бөлісті

Ағзаның барлық күші оңалуға жұмсалып жатады, сондықтан тәбеттің болмауы – қалыпты жағдай. Мұндай сәттерде ағзаны сүйек сорпасы, компот, жеміс сусындары, итмұрын, қарлыған, мүкжидек немесе көкжидектердің қайнатпасымен қолдауға боладыРесейлік отбасылық терапевт, клиникалық психолог-диетолог, нутрициолог Анна Ивашкевич COVID-19-дан емделген соң оңалту шараларын қабылдауға, оны дұрыс тамақтанудан бастауға кеңес береді, деп хабарлайды zakon.kz
Aif.ru атап өткендей, коронавирустан, ең бірінші кезекте иммундық жүйе зардап шегеді. Иммунитет әлсіреген кезде минералдар ағзадан шайылады, бұл оның жемісті және белсенді жұмысына кері әсер етеді. Денеңіздің ауруды түпкілікті жеңуіне көмектесу үшін диетаға отырып, тамақ рационында мырышқа бай тағамдарды енгізу керек. Мысалы, сиыр еті немесе сиыр бауыры, бұршақ сорпасы дегендей.
Тағы бір маңызды элемент — йод. Оны көкжидек, балдырлар, құрмадан табуға болады. Маман күнделікті калорияны есептеуге кеңес береді, егер ол төмен болса, екі-үш дана құрма жеуге болады.
Тамақтану режимін күрт өзгертуге тағы болмайды, өзіңізге қаламайтын тамақты күштеп жегізбеңіз. Ағзаның барлық күші оңалуға жұмсалып жатады, сондықтан тәбеттің болмауы – қалыпты жағдай. Мұндай сәттерде ағзаны сүйек сорпасы, компот, жеміс сусындары, итмұрын, қарлыған, мүкжидек немесе көкжидектердің қайнатпасымен қолдауға болады.
Егер ет жегіңіз келсе, бұзау, сиыр еті немесе күркетауықтан тамақ дайындаған дұрыс. Оларда ағзаға қажеттінің барлығы бар.
Ақпарат сипатындағы материалдарды дәрігер тағайындайтын рецептімен теңестіруге болмайды. Бұл ретте қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.
07 желтоқсан 2021 ж. 253 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 27

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 31

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 27

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031