Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина алған оқушылардың жағдайы нашарлады деген ақпарат рас па?

Вакцина алған оқушылардың жағдайы нашарлады деген ақпарат рас па?

Желіде тараған хабарламада оқушылардың вакцинациядан кейін бірден ауырып қалғаны жайында айтылады.WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында COVID-19 қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өзін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды sputnik.kz
 
Желіде тараған хабарламада оқушылардың вакцинациядан кейін бірден ауырып қалғаны жайында айтылады.
 "Вакцина алған 4 баланың екеуі ауырып қалды. Менің сабағымда біреуі өзін нашар сезінген. Екпе алдым деді. Бұл – Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы. Бір қуантарлық жағдай, барлық мектептен (400 адам) төртеуі ғана екпе алуға келіскен", - дейді хабарлама авторы.
Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы КВИ қарсы вакцина салдырған балалардың ауырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
 "2021 жылы 21 қарашада Тимирязев ауданы бойынша 9 бала Pfizer (АҚШ) компаниясының Comirnaty вакцинасын салдырды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Тимирязев ауданы білім беру бөлімінің басшысы және Тимирязево мектеп-гимназиясының директоры хабарлағандай, бұл ақпарат расталған жоқ", – дейді басқарма мамандары.
Денсаулық сақтау басқармасының мамандары халықты тек ресми ақпаратқа ғана сенуге үндеді.





23 қараша 2021 ж. 300 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031