Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас прокуратура Ресей нөмірімен жүрген көліктерге қатысты пікір білдірді

Бас прокуратура Ресей нөмірімен жүрген көліктерге қатысты пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ресей нөмірімен жүрген көліктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мәселе ол көліктерді тіркеуде ғана емес. Ішкі министрлігінің мәліметінше кейбір көлік құралдарына Ресей Федерациясында іздеу жарияланған, ал кейбір көліктерді тіркеуден мүлдем шығарып тастаған. Он емес, мыңдап саналады. Демек ондай көліктерге жай нөмірді таға салған. Ресейде де тіркеуде жоқ, криминалдық және ұрланған көліктер ғой», деді Шындалиев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, еш жерде тіркелмеген және ұрланған көліктерді пайдалану заңға қайшы.
«Ол көліктерді пайдаланып отырған адамдардың әрекеті заңсыз болып саналады. Бәріміз – Қазақстан азаматымыз. Заңға бағынуымыз қажет, заңды құрметтеуіміз керек. Заңда көлікті тіркеуге қою қажет деп жазылған ба, оны тіркеуге қою керек. Оны халықтың қауіпсіздігі үшін жасайды ғой», деп атап өтті Шындалиев.
Осы орайда бас прокурордың орынбасары Ресей нөмірімен жүрген көліктерді себепсіз тоқтатпау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, адам өз еркімен заң талаптарын орындап, еш жерде тіркелмеген көлікті заңдастыруы қажет.
10 қараша 2021 ж. 290 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 139

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 145

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031