Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда БАҚ саласында жаңа ұғымдар енгізіледі

Қазақстанда БАҚ саласында жаңа ұғымдар енгізіледі

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізіліп, жаңа медиаға анықтама беріледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев айтты, деп хабарлайды zakon.kzҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа технологиялардың дамуына байланысты БАҚ-ты заңнамалық дамыту мәселесін пысықтап жатырмыз. Атап айтар болсақ, заңға өзгертулер енгізуді жоспарлап отырмыз. Оны журналистер қоғамдастығымен талқылаймыз және ол 2023 жылы қабылдануы мүмкін, - деді вице-министр "Astana Media Week – 2021" медиа апталығы аясындағы "Медианы дамыту стратегиясы" атты дөңгелек үстел барысында.
Оның атап өтуінше, бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізілетін болады.

Жаңа медиаға анықтама береміз. Бұл - интернеттегі барлық жаңа платформалар, дамушы ақпараттар. Оған іздеу жүйесін, ОТТ платформасы мен әлеуметтік желілерді жатқызамыз. Қазақстандағы жұмыс ережесін бекітеміз. Медиа-өлшем процедурасы заңнамалық тұрғыда енгізіледі. Біз үшін Қазақстанда медиа-өлшем жаңа технологияларды қолданумен болғаны және халықты 100 пайыз қамтығаны маңызды. Бұл барлық қазақстандықтың қандай медианы ұнататындығы түсінікті болуы үшін қажет, - деді Кемелбек Ойшыбаев.
27 қыркүйек 2021 ж. 558 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 149

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 166

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031