Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер екі рет жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді құтқарды

Дәрігерлер екі рет жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді құтқарды

Павлодар қаласының бірінші қалалық ауруханасы қызметкерлері екі рет жүрегі тоқтап қалған жүкті келіншектің өмірін құтқарып қалғандығын хабарлайды  Pavlodarnews.kz басылымы.

37 жастағы жүкті әйелі Ақсу қаласының ауылдық аймағы Еңбек ауылында тұрады. Бірнеше күн бойы жөтел, қақырық, әлсіздік, кеуде қуысының ауыруы, мерзімді тахикардия мазалаған соң ауыл тұрғыны халықтық емдеу әдістерімен емделген. Тек демікпе пайда болған кезде ғана ауруханаға жүгінген. Сол жерде  қан қысымының төмендегені және  сатурация көрсеткішінде қауіп бар екені  анықталған.

“Оны шұғыл түрде Павлодар қаласының №1 ауруханасының инфекциялық стационарына жеткізді. Қабылдау сәтінен бастап жеті минуттан кейін жүрек қызметі тоқтап қалды, бірақ дәрігерлер бес минуттан кейін жүрек ырғағын қалпына келтіре алды”, – дейді облыстық кардиологиялық орталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Мұрат Райханов.

Компьютерлік томография пневмония диагнозын растамады. Дегенмен жүректің ультрадыбыстық зерттеуі митральды қақпақшаның патологиясын, митральды қақпақшаның алдыңғы қақпағының үзілгенін, 3-4 дәрежелі митральды қақпақшаның жеткіліксіздігін көрсетті, бұл жедел тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігіне әкелді.

Дәрігерлер әйелді шұғыл түрде кардиологиялық орталыққа апаруды шешкен.

“Қысым 50-60, төмен сатурация, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, комаға түскен және өкпе ісінуі. Науқас  сондай жағдайда болды.Ол өлім аузында жатты, науқасты осындай ауыр жағдайда тасымалдау қауіпті болды. Тасымалдау алдында ауыстыра бастаған кезде жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық шаралардың 20-минутында  жүрегі  соға бастады, қысым мен сатурация біртіндеп жоғарылады. Біз сиренамен  кардиология орталығына бет алдық. Жолда хирургтар ескертілді. Жүкті әйел жолда өліп кетуі мүмкін деп ойлауға уақыт болмады. Бар ойым  - оны аман алып  қалу еді”, – дейді  деді кардиоорталықтың анестезиология бөлімінің меңгерушісі, облыстың штаттан тыс бас анестезиологы Инна Гловацкая.


29 мамыр 2021 ж. 710 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031