Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Универсиада – 2023: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Универсиада – 2023: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық спортшы "алтын" медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ерлер арасында биатлоннан 15 шақырымға жеке жарыс өтті. Қазақстан намысын Александр Мухин, Вадим Куралес, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбек қорғады.

Вадим Куралес ең үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы медаль салды. Отандасымыз қашықтықты 42:37.4 секундта еңсерді.
Күміс медаль норвегиялық Эрьян Мосенгке (+42.6) бұйырса, француз Аксель Гарнье (+1:16.5) қола жүлдегер атанды.
Еске сала кетейік, Универсиада АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 50 елінен студенттер қатысуда.
Қазақстанның намысын спорттың он түрінен 78 спортшы қорғайды. Студенттер биатлон, сноуборд, шаңғы, тау шаңғысы, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы, коньки, шаңғымен трамплиннен секіру және шайбалы хоккей секілді спорт түрлерінен бақ сынайды.
16 қаңтар 2023 ж. 1 983 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 113

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031