Әйгілі "Астана" велокомандасы жабылып қалуы мүмкін
Әйгілі "Астана" велокомандасы жабылып қалуы мүмкін. Бұл туралы команданың бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров айтты Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Спортшы қаржы бөлінбегеннен кейін, жоба жабылудың алдында тұрғанын айтты. Винокуровтың айтуынша, бірер айдан кейін маусым басталады. Команда жаттығу жиындарын да өткізген. Алайда жыл басынан бері жобаға қаржы бөлінбеген.
«Жарыстарға үнемделген қаражат есебінен барып жүрміз. Спортшыларға жалақы төленіп жатқан жоқ», - дейді ол.
Велошабандоздың сөзінше, қазіргі уақытта жағдай ушыға түскен. Тіпті, салдарынан жоба жабылып қалуы мүмкін.
«Жағдай өте ауыр. Командада келісімшартқа қол қойған 30 велошабандоз бар. Олардың алдындағы міндеттерді біз орындауымыз қажет. Қаржының бөлінбей жатқаны команданың жұмысын тоқтатады. Алда жарыстың маңызды кезеңдері күтіп тұр. Мұндай қиындықтардан команда жабылып қалу мүмкін», - деді ол.