Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан спортшылары Қазанда бақ сынайды

Қазақстан спортшылары Қазанда бақ сынайды

4-11 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында бірінші ТМД елдерінің ойындары өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бәсекеге 10 мемлекеттен 2 мыңнан астам делегат келеді. Қатысатын мемлекеттер: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Ресей Федерациясы. Сонымен қатар 1 200 волонтер мен 460 төреші қатысады. 16 спорт түрінен 184 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Спортшылар бадминтон, 3х3 баскетбол, бокс, үстел теннисі, белбеу күресі, дзюдо, кураш, самбо, еркін және грек-рим күресі, каратэ, тай боксы, нысана көздеу, стенд ату, би спорты, футзал, көркем гимнастика секілді спорт түрлерінен бақ сынайды.
ТМД елдерінің сайысын боксшылар 2 қыркүйекте бастайды. 10 елдің 159 былғары қолғап шебері 26 жүлдені өзара бөліседі.
Сонымен қоса каратэ, самбо мен нысана көздеуден 10 мемлекеттің атлеті жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, бұл дода былтыр тамызда өтуге тиіс болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға кейінге шегерілді.


09 тамыз 2021 ж. 779 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 69

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 64

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 65

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 107

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 103

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 101

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031