Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық Әміржан Қосанов президенттікке үміткер атанды

Қазалылық Әміржан Қосанов президенттікке үміткер атанды

26 сәуір күні Алматыда "Ұлт тағдыры" ұлттық патриоттық бірлестік" қоғамдық бірлестігінің баспасөз-конференциясы өтіп, Қазақстан президенті лауазымына кезекті кандидат ұсынылды.

Қоғамдық бірлестік президент сайлауына қатысу туралы шешім қабылдады.

Осылайша, ҚБ өз үміткері ретінде Қосанов Әміржан Сағидрахманұлын ұсынды.

"Қоғамдық бірлестік жиын өткізді. Барлығы өз ойларын ортаға салды. Бір адам ғана сайлауға қатысуға қарсы екенін мәлімдеді, қалғандары келісті.

Мен ресми түрде бірлестіктің құрамында емеспін. Бірақ, төраға ҚБ атынан мені ұсынатынын айтты. Мен үшін бұл үлкен мәртебе. Менің кандидатурамды барлығы қолдады, бір адам ғана қалыс қалды.

Мен президенттікке үміткер атанғанымды, егер ОСК-ға тіркесе, мемлекет басшысы лауазымы үшін күресетінімді мәлімдеймін.

Сайлауға түскен кез келген тұлға мемлекеттің мәселелерін айқын білуі тиіс деп есептеймін. Барлығы конституцияға кіреді.

Мен конституциялық кеңес құрамын, осылайша биліктің тармақталған конституциясына қайта ораламыз. Онсыз демократиялы ел құра алмаймыз. Менің алғашқы қадамым-конституциялық кеңес құру болмақ", -деді Қосанов ұсынылғаннан кейін.

"Президенттік сайлау - билік халықтың даусын естуі тиіс болатын апогей. Менің риторикамда ештеңе өзгермейді. Өз қағидаттарымнан кері шегінбеймін.

Егер конституциялық реформамен айналысатын билік болса, мен қолдаймын. Бұл ең әділ сайлау болуы керек",- деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, ОСК-да кандидат ретінде Садыбек Түгел ("Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы), Қасым-Жомарт Тоқаев (Nur Otan партиясы), Амангелді Таспихов (Қазақстан кәсіподақтары Федерациясы) және Дания Еспаева ("Ақ жол" демократиялық партиясы) тіркелген.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан компартиясы өз кандидаты ретінде Жамбыл Ахметбековті ұсынды.
27 сәуір 2019 ж. 3 285 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 38

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 29

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 26

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930