Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ізденімпаз ізкесушілер

Ізденімпаз ізкесушілер

Бала күнімізде үлгі қылып өскен атақты детектив Шерлок Холмстың болмысын ойыңа оралтатын жедел іздестіру тобының құрамындағы бұл жігіттердің мамандығы айрықша қасиеттерді талап етеді. Зерттеу нысанын ашуда әрбір айғаққа жіті мән беріп, істі нәтижелі жүргізуге ықпалын тигізетін полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі – тәжірибесі толысқан мамандар топтасқан бөлімше.

Сырт көзге қарапайым болып көрінгенмен, білікті маман болу үшін мұн­да­ғылардың әрбірі ұдайы ізде­ніп, жаңашылдыққа бой алдыруды күн­делікті әдетіне айналдырған. Өйткені қылмыстың ізін суытпай, тез арада ашылуын криминалистерсіз елестету мүмкін емес. Күнделікті жұмыста қылмысқа қарсы күрес пен жедел ахуалды тұрақтандыруды қадағалайтын мамандар түрлі зерттеу, нақты айғақ заттар арқылы мән-жайдың ақ-қарасын ажыратып, дәйекті дә­лел­дермен істің толық жүйесін құрастырады.

Жедел криминалистерге жүк­те­летін жүк қашанда ауыр. Сөзімізді соңғы жылдары атқарылған істер нақтылай түседі.
Есепті кезең ішінде бөлім кри­ми­налистерінің зерттеу өндірісі және тексерістік тексеру жұмыстар көр­сеткіші артқан.

Аудан көлемінде «Мал ұр­лау­шы», «Соғым», «Пәтер», «Қару» жедел профилактикалық іс-шаралары өз дәрежесінде жүргізіліп, нәтижесінде 18 мал ұрлығы дерегі анықталып, 22 пәтер тонау қылмысы құрықталған. Олар санатына қарай сотқа жол­данған. Азаматтық қаруға байланысты учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен тексеріс жүргізіліп, әкімшілік шара көрілген.

Жыл басынан бері пәтер қарақ­шылығымен айналысқан екі топ ұсталып, 13 қылмыс анықталып, сотқа жөнелтілген. Мұнан өзге іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұс­тау, анықтау жұмыстарында да көр­сет­кіштерге қол жеткізілген.

Саусақ іздері арқылы талай ұрлық ашылған. Мәселен, бір ғана саусақ ізімен жеке белгілері сәйкес келген қылмыскерді құрықтап, істі ашуға атсалысқан топ мүшелеріне тұрғындар ризашылық білдіруде.

Ғылымда одорология деген атпен таныс тәсіл өзінің тиімділігін аңғартқан. Қызығы сол, адамның қан тобы, саусақ іздері сынды денеден шығатын иісі де ешуақытта қайталанбайтын көрінеді. Крими­налистердің айнымас серігіне айнал­ған Мэги есімді қызметтік иісшіл иттің де үлесі зор.

Бұл жолда бір сәт салғырттық, немқұрайлылыққа жол беруге болмайды. Полиция майоры Асылбай Аңсатов басшылық ететін бөлімше жедел уәкілдер, полиция майоры Алмат Бердібеков, Ұланақ Сейілхан, полиция капитаны Шернияз Сейтімов, Мұрат Баймаханов, Нұрбек Алмағамбетов, полиция лейтенанты Ақылбек Есмұрзаев және полиция сержанты, кинолог Ақжол Айымқұлов сынды сайдың тасындай ер азаматтардан құралған.
Тындырымды тірлікте табан­дылық танытып жүрген топты мереке қарсаңында біз де құттықтадық.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА


22 маусым 2019 ж. 1 591 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930