Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақ құтқарушылар сынға түсті

Болашақ құтқарушылар сынға түсті

«Абылай хан» колледжінің миссиясында Қызылорда облысының динамикалық дамуы үшін еңбек нарығының сұранысына ие, әлеуметтік серіктестермен екі жақты ынтымақтастық орната отырып, бәсекеге қабілетті, заманауи оқыту үрдістерімен сапалы мамандарды даярлап, білімгерлердің жұмысқа орналасуына ықпал жасау болып табылатындығы айтылған.
Құтқару саласы еліміздің қорғаныс саласындағы, жалпы еліміздің тарихындағы аса маңызды, басым бағыты, себебі мемлекеттің басты байлығы саналатын адам өміріне, қауіпсіздігіне, денсаулығына тікелей байланысты, әрі белгілі бір тұрғыда жауапты сала десек те болады.
Қазақстан Республикасының болашақ құтқару мамандықтары құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар саласындағы қызметті дамыту үшін теория-әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан шыңдалып отырады.
Осыған орай колледждің спорт кешенінде колледжіміздің болашақ құтқарушылары яғни 1 курс студенттері арасында сайыс ұйымдастырылды. Жарысқа 6 команда қатыстырылды.
Сайыс бекітілген ережеге сәйкес алдын-ала дайындалып, команданы таныстыру, нормативтік уақыттары бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары, жасанды жартас, жауынгерлік қанат жаю сайыстары өтті.
Жарыстың нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған командалар колледж директорының алғыс хатымен, диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. І орын «Жас құтқарушылар» командасына бұйырды. ІІ орынды «Бүркіттер» командасы иеленсе, ІІІ орынға «Достық» командасына лайықты деп танылды.
e-kyzylorda.gov.kz
08 қаңтар 2018 ж. 1 228 0

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 8

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 49

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031