Тез арықтау үшін мына 4 әдеттен аулақ болыңыз
Тез арықтағыңыз келе ме? Мына әдеттерді тастасаңыз, оған қол жеткізесіз.
Әрине, көптеген нәзікжандылардың тез арықтағысы келетіні түсінікті. Дегенмен, олар семіздіктен арылу жолында қандай қателіктер жіберіп жүргенін білмейді. Жалпы, көпшілігіміз таңғы, түскі және кешкі астарды үй жағдайында дайындап, отбасымызбен ішетініміз анық. Алайда, осы тағамдардың да семіздікке бой алдыруға септігі тиетінін аңғара бермейміз. Мұндай жағдайда артық салмақ пайда болып, денсаулығымыз да күрт нашарлайды. Сондықтан да, тексеріп көріңіз, бәлкім сізде де бұл қателіктер бар шығар?
Майды дұрыс таңдамау
Көбіне зәйтүн майын пайдалы деп жатамыз. Бірақ, қуырылатын тағамдарға қолдансаңыз, оның құрамындағы бос радикалдар мен майлар денсаулыққа кері әсер етеді. Сол себепті де тағамды қуыратын болсаңыз, кокос немесе өсімдік майын қолданғаныңыз дұрыс. Ал, зәйтүн майын салаттарға қосады.
Көп жеп қою
Сізде де осындай жағдай бола ма? Сүйікті тағам алдыңызға келгенде бірден көп жеп қоясыз ба? Семіздікке бой алдыратындардың 80 пайызына бұл жағдай таныс. Сонымен қатар, теледидар қарап отырып тамақтану да бір кісілік тамақты емес, екі кісінің асын ішіп қоюға апаратыны сөзсіз. Міне, бұл ретте де кем дегенде бір апта асықпай-аптықпай тамақтанып көріңіз. Сондай-ақ, тыныштықта тамақтанғанның да пайдасы көп. Мұндайда сіз ағзаңызға шындығында қанша мөлшерде тағам керек екенін айтпай-ақ түсінесіз. Артық жеп қою мәселесі де туындамайды.
Дәмдеуіштерді пайдаланбау
Ас үй ханшайымдарының дәмдеуіштерді тек тағамның дәмін шығару үшін ғана пайдаланатынын білеміз. Алайда, тағамға дәмдеуіштерді аз қосатын болсақ, оның есесіне тұз, майларды көп саламыз. Сөйтіп, денсаулыққа зиянды әрі арықтауға еш септігі тимейтін тағамдарды ішіп-жейміз. Дәмдеуіштердің ішінде де адам ағзасына пайдалы түрлері бар екен. Мәселен, ащы бұрыш пен куркума арықтауға әсер етіп, зат алмасуды реттейді. Жалпы айтқанда, тағамға осындай пайдалы дәмдеуіштерді қосуды үйреніңіз!
Майды көп пайдалану
Денсаулықты қалыпты ұстау үшін, дене-бітіміңіздің тартымды болуына табиғи майлар міндетті түрде қажет. Сондықтан да қуырылатын тағамдарға майды көп құймаңыз. Қуыру барысында етіңіз немесе көкөністер қазанға жабыспайтындай май құйылса жеткілікті. Салаттарға қолданылатын зәйтүн майының бір ас қасығында 120 калория бар екенін естен шығармау керек. Пайдалы екен деп табиғи майларды асыра қолданбауды ұсынамыз. Себебі әрбір артық май сіздің бөксеңіз бен беліңізге жиналатынын ұмытпаңыз!
ernur.kz