Адам мінезін телефон қоңырауына қарап анықтайық
Адамның мінезін жақсырақ танығыңыз келе ме? Олай болса, оның телефон қоңырауында қандай әуен тұрғанына мән беріңіз. Рингтон адам туралы көп мәлімет береді.
Оның қоңырауында келесі әуен тұрса:
Көңілді жүретін жандар өзі секілді күлген адамның немесе түрлі әзіл-қалжың айтылатын рингтон қояды. Мұң-қайғы атаулысын көтермейтіндіктен, оған өзгелердің үнемі күліп жүруі маңызды. Өте мейірімді, сенгіш, кез келген уақытта көмекке келуге әзір. Ұрыс, жанжал дегендерді ұнатпайтындықтан, онымен барлығы да тіл табыса алады.
Бірақ бір кемшілігі – жауапкершілікті мойнына алмайды.
Дыбыссыз режим. Ол біреуге жайсыздық сезімін сыйлаудан қорқады. Әрдайым сыпайы және сабырлы. Махаббат мәселесінде өте сезімтал. Және қандай жағдай болмасын, өзгелерді айыптаудан аулақ.
Кемшілігі – ол көпшілікпен араласуды ұнатпайды.
Әр адамға жеке рингтон. Бұл адам сән мен гаджеттерді өте жақсы бақылайтындықтан, телефоны да соңғы модельдердің бірі болуы тиіс. Оған толықтай сенім артуға болады. Өте ұстамды. Бірақ арада жақсы қарым-қатынас орнату үшін сіз де өз кезегіңізде сабырлық танытуыңыз керек болады.
Кемшілігі – қалжың түсінбейді.
Стандартты әуен. Бұл жанның адалдығына күмәніңіз болмасын. Ол үшін отбасы мен отбасылық құндылықтар өте маңызды.
Кемшілігі – адамды мезі етіп жіберуі мүмкін.
Құстардың сайрағаны немесе романтикалық әуен. Өте сезімтал, жомарт адам. Отбасы мен достарына қамқорлық танытады. Қоршаған ортаны қорғайды. Ол өте адал дос болады.
Кемшілігі – тұрақсыз, шектен тыс сентименталды.
Ал сіздің телефоныңызда қандай әуен тұр?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай