Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақыт алыста емес

Бақыт алыста емес

"Менің-ақ бағым ашылмай қойды-ау" деп бастады құрбым әңгімесін. "Қатарластарымның бәрі тұрмыста. Алдының үш-төртеуден баласы бар. Менің жүргенім мынау, – деді Жаннұр күрсініп. Мен оған не деп үн қатарымды білмедім. Өйткені не айтсам да, менің сөзім көңіліне медеу болмас еді. Жалғыздықтан шаршағандығы жүзінен көрініп ақ-тұр. "Қамықпа" бәрі жақсы болады деймін оған. Ол: "Қашан?" деді жалт қарап. Бұл сөзден кейін тілімді жұттым да қойдым. Бөлме ішінде біраз уақытқа дейін үнсіздік орнады. Құлаққа екеуміздің деміміз ғана естіледі. Ойланып отырмын.
– Жаннұр бұлай деуің орынсыз. Ауыр айтсам, кешір әрине. Біле білсең, сен бағыңды өзің байлап жүрсің? Құрбымның түрі бозарып, көзі атыздай болып кетті. Шамбайына батса керек.
–Құрбым, сенен күтпедім. Маған қолдау боларсың десем. Сенің мұныңа жол болсын, – деді ол зілденіп сөйлеп.
– Жаннұр, мен сені қашан қолдамадым, айтшы? Мен сені әркез қолдаймын. Сен де тұрмысқа шығуға бірнеше рет мүмкіндік болды. Жарайды, біріншісін есепке алмай-ақ қойдым. Бірақ Асқарды да жаныңа жуытпаған өзің емес пе едің? Әлі сол Айдынды ойлап жүрсің. Кететін адам кетті. Өзіңді неге қинайсың? – деймін оған.
Сөздерім оған жетті ғой деймін. Көпке дейін үнсіз қалды. Ішімнен өзіме бұлай қатты айтпауың керек еді деп қоямын. Бірақ олай айтпасам, Жаннұр онсызда жаралы жанын одан сайын жей беруші еді. Сырт көзге оның жанын түсінбегендей көрінермін. Бірақ оны менен артық түсінген адам жоқ. Сөз байласқан жігіті жарты жолда қалдырған шақтан бері қасындамын. Содан бері жігіт атаулыға күдікпен қарайтындай. Бірақ бес саусақ бірдей емес қой. Осы нәрсені оған түсіндіре алмай қойдым. Қанша рет жанымызда жүрген жақсы жігіттермен таныстырдық. Бірақ оларды бірінші таныстықтан соң, сыртқа тебеді. Он бір жыл бұрын үйленеміз деген Айдын секілді уәдесінен тайқып, той таяғанда жоқ болып кетеді деп қорқатын сыңайлы. Содан болса керек, өзіне көзі түскен азаматтарға мүкіндік бермек тұрмақ, көз қырын салып та қарамады.
Осылайша, ешкімге көңіл бұрмай жүргенде он бір жыл өте шыққанын өзі де аңғармаған ғой. Құрбы-құрдастары бас қосатын жиындарға жалғыз барғысы жоқ. Өйткені достары "Сен байға қашан тиесің?" деп түртпектейді. Олардың бар қалауы Жаннұрды өз ортасында жұбымен көру. Сол үшін де талай жігітпен таныстырды да. Бірде Жаннұрды Асқар деген жігітпен жарастыру үшін талап қылған еді. Бірақ одан түк шықпады. Өйткені құрбым тағы да жігітті жаратпады. Содан кейін олар Жаннұрға бірдеңе деуді артық көреді. Соңғы уақытта жиындарға шақырмайтын болған. Өйткені сол әңгіменің шеті шығып, Жаннұрды ренжітіп аламыз деп қорқады.
Жігіт тым жақсы болатын. Бір жылға жуық Жаннұрға жағынамын деп жүгірді. Бірақ сол күйі Жаннұрдың өзіне қарата алмады. Құрбым қаққан қазықтай қатқан күйі қатып қалды. Мұнысын біз құптамадық. Кейін көңілі қаламаса, қойсын дедік те, тбұл тақырыпқа кері оралмадық. Біз қай мәселеде де әуелі оның жанын түсінуге ұмтылдық. Бірақ бізді түсініп жатқан Жаннұр бар ма? Қолына келіп тұрған бақты өзі ұшырып жіберіп, енді отырғаны қу тізесін құшақтап. Үлкендер айтатын "Келген бақытты кері теппе, кепетіне ұшырайсың" деген даналығының кері келіп жатыр ма деймін кейде... Өйткені қазір Жаннұрға жақсы жігіт жолыққанымен үйленуге ұсыныс білдіретіндер жоқ. Мұның себебі де жоқ емес. Өйткені алыста қалған баянсыз бақытын аңсап, жылап-сықтап, Жаннұр өз жолын өзі жауып жүр. Адам жолы ашылып, бақытқа жетуді көздесе, өзгеге де жол ашуы керек емес пе еді?!
Жаннұр ұзақ үнсіздіктен соң:
– Құрбым, сенің айтқандарыңды ойландым. Мен өз бақытыма апаратын жолды өзім ұзартып жүріппін. Бақытымды алыстан емес, жанымнан іздеуім керектігін түсіндім. Менің тілеуімді тілеп жүрген жандардың ниетін дұрыс түсінбей, көзім көр болыпты, – деді де телефонын әкеліп, Асқардың нөмірін теріп берші деді күлімсіреп. Асқарды мен де танушы едім. Құрбысы болған соң, екеуін жақындастыруға мен де әлек болғанмын. нөмірі жадымда жатталып та қалыпты. Сегіз жеті жүз екі... нөмірді тердім. Біренеше секундтан соң, тұтқаның арғы жағынан "Алло, Жаннұр?" деген үн естілді. Құрбымның бақытты жүзін көріп, қатты қуандым. Кеш болса да, бақыттың алыста еместігін ұғынғандығы жаныма сондай жақты.
А.ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
22 желтоқсан 2023 ж. 185 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930