Жұлдыз жорамал бойынша сізге қалай тамақтану керек? (Нумерологтан кеңес)
Сізге құрамында калийі мол тағам түрлеріне басымдық беру керек. Қызылша, сельдерей, түсті капуста, шпинат, пияз, сәбіз, қияр, алма мен грек жаңғағы құрамындағы калий жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі. А, В1, С витаминдеріне де басымдық беріңіз, сонда маусымдық жұқпалы вирустардан жеңілмейсіз. Негізі Тоқтылар асқазан-ішек ауруларына бейім келеді. Одан сақтану үшін майлы астан бас тартып, құс еті, жеміс-жидек пен кепкен жемістерге бет бұрсаңыз жақсы. Қою шайды шырындармен алмастырсаңыз ұйқыңыз қанық, өзіңіз сергек боларыңыз даусыз.
ТОРПАҚ.
Артық салмақ жинауыңыздың басты себебі қимыл-қозғалыстың аздығы мен дұрыс тамақтанбаудан. Күйзеліске бейім оларға А, Е витаминдері мен құрамында мыс бар ас түрлеріне басымдық беру керек. Сәбіз, көк пияз, өсімдік майлары, қырыққабат, қызылша аралас салаттарды жиі тұтынсаңыз ұтылмайсыз. Аптасына екі рет теңіз тағамдарына бет бұрып көріңіз, сонда көп ұзамай өзіңізді жеңіл сезінесіз, зейініңізді арттырудың да төте жолы осы. Бұзау бауырын пиязбен араластырып пісіріп жеу өте пайдалы.
ЕГІЗДЕР.
Көбіне ой мен ми жұмысына негізделген жауапкершілік жүйкеге салмақ түсіреді. Мұндайда сусын орнына ананас немесе шабдалы шырынын ішіп жүрсеңіз жүйке мен миды тынықтыруға мүмкіндік аласыз. В, С, Е, Д витаминдері тапшылығын жою үшін майсыз ет, жаңғақтар, ірімшікті жиірек тұтыныңыз. Калий мен кальций, фосфоры мол ас түрін таңдағаныңыз жөн. Ол жүрек пен жүйкеге түскен салмақты жеңілдетеді.
ШАЯН.
Сізде кальций тапшылығы байқалады. Оны сүт өнімдері, мейіз, йогурт, жұмыртқа уызынан табасыз. Күніне бір мезгіл сусын орнына розмарин немесе шалфей тұнбасын ішіп жүргеніңіз жөн. Ұйқы алдында жарты стакан қайнаған суға 7 тамшы лимон шырынын қосып ішіңіз, ол дұрыс және толыққанды тынығуға, қан айналымының жақсаруына жәрдемдеседі. Майлы ас пен тәттіге деген құмарлықты шектегеніңіз жөн, жеңіл қорытылатын ас түрлеріне бет бұрыңыз.
АРЫСТАН.
Уайымшыл, тынымсыз олар стресске бейім, тез ашуланғыш. Сіздегі артық салмақтың негізгі себебі жүйкеге түскен салмақтың көптігінде. Жүректің қалыпсыз соғуы, ұйқының бұзылуы дұрыс тамақтанбау мен сананы қажетсіз оймен шаршатуда жатыр. Садақа тастау, теңіз тағамдарына басымдық беру, сүт өнімдері, ірімшік, жаңғақтар мен кепкен жемістер сіздегі витамин тапшылығын жоюға көмектеседі. Тәтті асқа құмар болмаңыз.
БИКЕШ.
Жиі тұмаурату мен көмекей безінің қабынуы С, Е витаминдеріні ңжетіспеуінің айғағы. Сізге ағзаны салқын-жылы душпен шынықтыру, қимыл-қозғалысты көбейту керек. Ірімшік, сүт өнімдері, жаңғақтар кальций жетіспеушілігін жояды. Жасанды әрі дайын ас түрлерінен, газды сусындардан бас тартып, алма, қырыққабат, сәбіз аралас салатты көбірек тұтынғаныңыз жақсы. Таңертең кофе орнына құлпынай, таңқурай, шие тосабы қосылған шай ішіңіз, күріш, қарақұмық ботқасы сізге өте пайдалы.
ТАРАЗЫ.
Тәтті десерт, қышқыл соус қосылған асты сүтке бұқтырылған күріш, балық, жұмыртқа, цитрус жемістерінен жасалған жеңіл салатқа алмастырғаныңыз дұрыс. Ол бас сақинасы, қан тамырларының түйілуі, асқазандағы жайсыздықты жояды. Таңертең және кешке бір дана алма жеп жүрсеңіз темір мен калий жетіспеушілігінен болатын кеселдерден аман боласыз. Мейіз, жаңғақ, сәбіз, спаржа, қызылша да сіздің саулығыңызды сақтауға көмектесетін ас түрлері. Ағзадағы натрий жетіспеушілігі тамаққа тәбетің жоқтығынан білінеді. В тобының витаминдерін қабылдаңыз.
САРЫШАЯН.
Тәтті әрі майлы тағаммен тоя тамақтанғанды жақсы көретін олардың басты қателігі – бір-біріне үйлесімсіз ас түрлерін араластыру. Ол асқазан, ішек пен қан тамырлары қабырғаларында қақ жиналуына себеп. Ағзадағы кейбір жайсыздықтардың себебі де осында. Сізге сұйықты көбірек ішу керек. Әсіресе алма мен шабдалы, апельсин шырыны, В, С, Е витамині күзгі суықта мығым болуыңызға, бауыр мен өт саулығына жәрдемдеседі. Тәтті мен тұздыны азайтқаныңыз абзал. Аптасына бір-екі рет теңіз балығын жеп тұрсаңыз жақсы, ол зейінді арттырады.
МЕРГЕН.
Сізді мазалаған кейбір жайсыздықтар кремний тапшылығынан болуы мүмкін. Көптеген витамин мен минералдардың ағзаға сіңуінде басты роль атқаратын кремнийді қарақат, тазартылмаған күріш, шие, сұлыдан таба аласыз. Алма мен қиярды қабығымен жегеніңіз жөн, бұзау бауыры мен қызылша да сізге ең кереті ас түрлері. Күз бен қыста жиі бас көтеретін жұқпалы дерттерден сақтану үшін С және Е витаминдеріне басымдық беріңіз. Бауыр ауруына бейімділік байқалады. Мазасызданған жағдайда емге дәрі-дәрмектен гөрі емдік өсімдіктер тұнбасы, халықтық ем тәсілдерін қолдануға кеңес беріледі.
ТАУЕШКІ.
Ас қорыту жүйесін, өт пен бауырды майлы ас пен алкогольден уланудан сақтаңыз. Шоколад, майонезді де шектегеніңіз дұрыс. Йогурт, ананас, томат шырыны пайдалы. А, С, Е, Д витаминдері мен кальций, темір, мыс жетіспеушілігін жоюдың жолдарын қарастырыңыз. Бұл ретте минералды сусындарды серік етуіңізге де болады. Олар қан айналымын жақсартып, зат алмасуын реттейді, әрі асқазан-ішек, қан тамырларын қақтан тазартып, зіңізді сергексезінуге көмектеседі. Жүйке ширығуынан сақтауға, зейінді арттыруға да көмегі көп. Балық, құс еті, теңіз өнімдері сіз үшін ең керек ас саналады.
СУҚҰЙҒЫШ.
Күніне үш рет жарты саткан қайнаған жылы суға бір ас қасық бал қосып ішу көптеген жайсыздықтардан сақтайды. Ол әрі С, Е витаминдеріні ңтапшылығын жойып, имунитетіңізді көтереді. Мұны бір ай жалғастырсаңыз бас ауруынан арылғаныңызды байқайсыз. Қан тамырлары қабырғаларына қақ тұруынан сақтаныңыз, ол үшін майлы асты азайтып, бұзау, құс, қоя, балық етіне бет бұрыңыз. Кальций мен фосфор жеткіліксіздігі байқалады, сүт өнімдері, ірімшік диетасын ұстанып көріңіз.
БАЛЫҚТАР.
Сізде темір мен кальций, магний, йод тапшылығы болуы мүмкін. Ұйқының қалыпсыздығы, дұрыс тамақтанбау ағзаның тозуына жол ашады. Өмір салтыңызды реттеңіз, тамақ, ұйқы, тынығуға мейлінше көп уақыт бөліңіз. Протеин мен табиғи көмірсуға бай ас түріне негізделген диета ұстанып көріңіз, ол зейіннің жақсаруына, созылмалы шаршаудан арылуға көмектеседі. Сізге қимыл-қозғалысты көбейту, бұлшық еттерді шынықтыру керек.
reactor.inform.kz