Екі мектептің іргесі қаланып, бір білім ордасы пайдалануға беріледі

Жоба аясында салынғалы жатқан білім ордасының екеуі ауданымызда қаланады. Соның бірі тұрғындар өтініші бойынша Жанқожа батыр ауылында бой көтеріп жатса, екіншісі алдымыздағы жылда кент пен қаланың екі аралығынан орын алмақ.
Сонымен қатар жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан орталығы – Әйтеке би кентінен 250 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілмек.
Бұған дейін де аймақ басшысы Н.Мәшбекұлы білім саласына деген жанашырлығы, жақсылығы да аз емес. Атап айтар болсам, өткен жылдары Қазалы қаласында «Өрімтал» балабақшасы пайдалануға берілсе, мұнан өзге де мектепке дейінгі білім беру ұйымдары көптеп ашылып, биыл бірқатар білім ордасына су жаңа оқушылар тасымалына арналған автобустар тарту етті.
Әрине біздің болашағымыз саналы, білімді ұрпақтың қолында екені сөзсіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында Ел Президентінің тікелей қолдауымен аймақ басшысы білім саласының қарыштап дамуына деген жасайтын толымды жұмыстары әрі қарай да өз жалғасын табарына сенемін.
Серік ҚУАНЫШБАЕВ,
Білім саласының ардагері