Қызылорда облысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының VI облыстық слеті өтті

«Баршамыздың міндетіміз - халқының мүдделерін өз мүддесінен жоғары қоятын ұрпақты тәрбиелеу, адалдық, бауырластық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіре білу.Біз болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім беруді ғана емес, адал еңбекті де үйретуіміз керек», - деп атап өтті А.Ашиков.
Сондай-ақ, ол қазіргі жастар бәсекеге қабілетті және дамыған мемлекет құруға аға буынның мұрагері болуға тиіс екенін айтты.
Слет барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков және Білім басқармасы басшысының орынбасары Бектұр Қали клуб жетекшілерін алғыс хатпен марапаттап, клуб мүшесі қатарына кіргені үшін оқушыларға арнайы төс белгілер тақты.
