Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол саласы мамандарының цифрлық банкін толтыру жұмыстары басталды

Жол саласы мамандарының цифрлық банкін толтыру жұмыстары басталды

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жолшылардың бірыңғай біліктілік базасын толтыру үшін деректерді жинау бойынша жұмыстардың басталғаны туралы жариялады, деп хабарлайды baq.kz
Осылайша 2023 жылдың сәуір айының басында «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жол саласының бірыңғай біліктілік базасын толтыруға кіріскен болатын. Институт сайтында жол құрылысындағы ЖОО түлектері сынды болашақ мамандар мен қазіргі инженерлер, шеберлер, жобалаушылар туралы әрі басқа да мәліметтер жинау бойынша жұмыстар басталды.
Институттың сайтында деректерді жинау туралы хабарландырумен бірге біз жол саласының студенттері, қызметкерлері мен компаниялары сауалнамаға қатысып, деректерді толтыруға мүмкіндік алатын сілтеме жарияладық. Жалпы цифрлық база жол еңбек нарығын талдауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ Цифрландыру басқармасының басшысы Құрманғазы Тілеу.
Жолшылардың бірыңғай біліктілік базасы – бұл салалық еңбек биржасы немесе мамандардың цифрлық қоры. Біліктілік базасы арқылы мердігер ұйымдар онлайн режимінде жолдарды жобалау, олардың құрылысы және қайта құру үшін қажет мамандарды таба алады. Өз кезегінде жол құрылысшылары өздерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталы болады. Өйткені аталған базада олардың дағдылары мен оқыту курстарынан өткендігін растайтын сертификаттар қолжетімді болмақ.
Біліктілік базасы ҚР автожол мамандарының санаты, өтілі, дағдылары мен сертификаттары туралы мәліметтерді сақтайды. Біздің болжамымыз бойынша, бұл базаның көмегімен білікті кадрлардың жетіспеушілігі сияқты проблеманы шеше аламыз, - деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығының директоры Гүлжамал Омарова.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол саласы мамандарының бірыңғай біліктілік базасының жобасын жариялап, оны әзірлеумен айналысты. Институт қазірдің өзінде жүйенің прототипін дайындап, авторлық құқыққа ие болды. Ақпараттық жүйені іске қосу 2023 жылдың жаз айларына жоспарланып отыр.
12 сәуір 2023 ж. 133 0

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 28

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031