Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы жекеменшік стоматологиялық клиникада жолдамасыз-ақ тегін емдетуге болады

Баланы жекеменшік стоматологиялық клиникада жолдамасыз-ақ тегін емдетуге болады

Баланың тісін жекеменшік стоматологиялық клиникаларда жолдамасыз, тегін емдетуіне болады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмек сапасын мониторингтеу департаментінің директоры Ләззат Шоманова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қосалқы мердігерлік арқылы жеке стоматологиялық орталықтардан балаларға тегін ем алуға болады. Өйткені елдегі стоматологиялық клиникалардың басым бөлігі жеке меншікте. Жекеменшік клиникаға жүгініп, сол жерден көмек алу үшін учаскелік дәрігерден жолдама алудың да қажеті жоқ. Стоматологиялық клиника осы қордың (мемлекеттік) тапсырыс берушісінің тізімінде тұрса, жолдамасыз-ақ тісін емдетіп, ақпараттық қор арқылы төлемге түседі», - деді Ләззат Шоманова. Оның айтуынша, бүгінде осындай тәсілмен ем алушылар көп. «Мұндай тізімді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтынан көруге болады. Сол тізімнің ішінен өзінің үйіне жақынын таңдап, бара алады»,- деді қор өкілі. Бұған дейін, алматылық дәрігерлер омыртқасы сынған 60 жастағы ер адамға МӘМС аясында күрделі ота жасағанын хабарлаған болатын.

22 сәуір 2022 ж. 653 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031