Қаңтар оқиғасы: 402 айыпталушының ісі сотқа жолданды
Қаңтар оқиғасына қатысқан 402 айыпталушының ісі сотқа жолданды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты.
Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғаларын тергеудің алдын ала нәтижелерін жұртшылықтың назарына ұсынуды жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта ішкі істер органдары заңдылық пен құқықтық тәртібін қалпына келтіру, құқық бұзушыларды анықтау және азаматтарға келтірілген шығынды өндіріп алу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарды және бұл жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен жедел және сапалы тергеудің нәтижесінде ішкі істер органдарының тергеушілері 402 айыпталушыға қатысты 255 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап, сотқа жолдады. Осындай істердің көптеген саны Алматыда – 183, Алматы облысы бойынша -46 және көліктегі полиция департаменті бойынша -10 қылмыстық іс, — деді Әділов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның айтуынша, аталған істер бойынша жәбірленушілерге келтірген шығынның орнын толтыру шамамен 95 миллион теңгені құраған.
Полиция қызметкерлері қабылдаған іс-шаралардың негізінде Алматы бойынша 65 миллионнан астам теңгеге, Алматы облысы бойынша 16 миллион теңгеге, Жамбыл облысы бойынша 3 миллионнан астам теңгеге келтірілген зардаптың орны толтырылды. Көліктегі полицейлер 10 миллионнан астам теңгеге шығынның өтелуіне қол жеткізді,- деді Санжар Әділов.