COVID-19-дан кейін тері аурулары асқынуы мүмкін – Дерматолог материалға сілтемені көшіру

Дерматологтың айтуынша, бұл жағдайда көбінесе псориаз, жалпақ теміреткі мен себореялық дерматит пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ түрлі типтегі аллергиялық аурулар шығуы мүмкін. Қауіпті төмендету үшін маман детоксикациядан кейін ағзаны тазартып, қалпына келтіруге кеңес береді.
Сондай-ақ, дерматолог Алексей Семочкин коронавирустан кейінгі шаш түсуді тоқтатудың жолын айтты. Айтуынша, науқастардан мұндай шағымдар COVID-19-дан жазылып шыққаннан кейін 2-3 айдан кейін түседі. Дәрігер тері жағдайын жақсарту және шаштың түсуін тоқтату үшін автоплазмалы терапия қажет екенін айтады. Яғни науқастың өз қанын өзіне плазмалау керек.