Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бір тонна балық қырылып қалды

Қызылордада бір тонна балық қырылып қалды

Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылдық округіне қарасты Сағымбай каналында 1 тоннаға жуық балық қырылып қалған. Су қоймасы Қарашалаң көлін Сырдария өзенімен жалғап тұр. Мамандар болжамынша, су маржандарының жаппай қырылуына оттегі жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарашалаң су айдынынында шабақтар қырылып қалған. Оның себебін анықту үшін Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы тарапынан арнайы жұмыс тобы құрылған.

«Зерделеу жұмыстары барысында, канал бойынан бірнеше ойық ойылып, ондағы балық түрлері анықталды. Су айдынында торта, табан, ақбалық тіршілік етеді. Судағы оттегі мөлшері 3,5 мг/дм³, температура 2,5 ºС, орташа тереңдігі 2,5 м құраған. Ғылыми ұйым маманы өз тұжырымдамасында оттегі мөлшері балықтар тірішілгі үшін қолайсыз екендігін білдірген. Сонымен қатар, Бөген ауылдық округінің ветеринария пункті балықтан және Қызылорда облысытық экология департаменті сараптама жүргізу үшін су сынамасын алған. Оның нәтижесі анықталған соң, қосымша ақпарат жарияланатын болады. Балықтардың тіршілік ету жағдайына және балық ресурстарын сақтап қалу мақсатында, жергілікті артқарушы органдармен суға оттегі бару үшін ойықтар жасау жұмыстарын жүргізуде», - деді Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инпекциясы басшысының міндетін атқарушы Жанқожа Сапаров.

Балық қырылуының нақты себебін тағайындалған сараптама жұмыстары көрсетпек.
Шабақтардың өлшемі 4,5-10 см аралығында. Сағымбай каналының ұзындығы 1,2 км жуық, ені 16 м құрайды. Мамандардың мәліметінше, ондағы мұздың қалыңдығы 25 сантиметрге жеткен. Шабақтардың ары қарай қырылуына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар жүзеге асырылуда.
21 ақпан 2022 ж. 535 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031