Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 113 мыңдай адам ревакцинациядан өтті

Қызылордада 113 мыңдай адам ревакцинациядан өтті

Қызылорда облысында 112 964 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен жылдың 22 қарашасынан бастап вакцинаның 2 турымен қамтылып, 6 ай аралық мерзімі өткен азаматтарға бустерлі дозасын егу қолға алынды. Бұл бойынша коронавируспен ауырған адамдарға да аталған мерзім бекітілген. Сауыққан күннен 6 ай аралық мерзімнен ревакцинация жүргізіледі. Қазір өңірде 2-тур вакцинациясынан кейін 6 ай мерзім өткен 189 800 тұрғын бар. Қазіргі таңда олардың 58,3 пайызы ревакцинациямен қамтылды. Ол - 112 964 адам. «Облыс бойынша коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті жұмылдырылған. Бұдан бөлек, шалғайдағы елді мекендерде, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Онда арнайы оқытылған медициналық персонал халыққа қызмет көрсетеді. Оған қоса арнайы тоңазытқыш жабдықтарымен жарақтандырылған жылжымалы егу бригадалры іске қосылған. Бүгінгі күні 36 жылжымалы бригаданың жұмысы ұйымдастырылған», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен. Еске салсақ, Қызылордада биыл 157 адам үйде оқшаулану тәртібін бұзғаны анықталды.
16 ақпан 2022 ж. 267 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031