Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Антибиотик ішкен соң вакцина салдыруға бола ма

Антибиотик ішкен соң вакцина салдыруға бола ма

Антибиотик қабылдаған соң ковидке қарсы вакцина салдыруға болады. Бұл туралы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Күләш Құрманова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғалымның айтуынша, антибиотикті қабылдаған соң оның ағзада сақталу мерзіміне қарай вакцина салдырған дұрыс. «Мысалы, кейбір антибиотиктер 12 сағатта денеден зәр, термен бірге шығып кетеді. Ал кей антибиотиктер денеде жеті күнге дейін сақталады. Сондықтан антибиотикті қабылдаған соң негізі бір немесе 5 күн өткен соң вакцина алған дұрыс. Ал антибиотикті тек дәрігердің нұсқауымен ғана қабылдау керек, өз бетімен қабылдаған дұрыс емес», - деді Күләш Құрманова. Сондай-ақ, профессор ковидке қарсы вакцина жайлы өз ойын айтты. «Вакцина - ковидтен құтылудың жолы. Егер адам вакцина алып, оның ағзасында ауруға қарсы антидене қалыптасса, онда адам ковидтің кез келген штамын жұқтырса да, ауру жеңіл түрде өтеді. Сондай-ақ, адам өлімі жағдайы азаяды. Сондықтан вакцина алу қажет. Оған Қазақстанда тіркелген және өндірілген вакцина жарай береді», - деді профессор Күләш Құрманова.

11 ақпан 2022 ж. 486 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 212

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930