ДСМ: Әлі күнге коронавирус жоқ дейтін адамдар бар

Сондай-ақ ол індеттен қорғанудың ең тиімді жолы – вакцина екендігін алға тартты.
Вакцинаны мемлекет үлкен еңбекпен ойлап шығарады. Екпе ойлап табу деген оңай нәрсе емес. Бір тамшы вакцинаны алу үшін үкіметтік, мемлекеттік деңгейде үлкен келіссөздер жүргізіледі. Бүгінгі таңда бізде вакцинация үшін таңдау көп. Олардың барлығы шығарылған мемлекеттің бақылауынан бөлек, еліміздегі Дәрілік заттарды экспертизалау ұлттық орталығының тексеруінен, зерттеуінен өтеді, - деді Ержан Байтанаев.