Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың жалақысы өседі

Қазақстандықтардың жалақысы өседі

2022 жылы ең төменгі жалақының өсуіне байланысты 600 мыңға жуық қазақстандықтың жалақысы көтеріледі.
Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті.
Министр Еңбек министрлігінің ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары туралы есеп берді. Оның айтуынша, 2022 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін өседі, тағы 591 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы көтеріледі.
Ведомство басшысы еліміздегі жұмыссыздық деңгейін де тілге тиек етті. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш Қазақстанның еңбекке қабілетті халқының жалпы санының 4,9% құрайды. Сонымен қатар Серік Шәпкенов мемлекет басшысына жұмыспен қамту орталықтарын цифрландыру жұмысы туралы айтып берді. Жұмыс тапқысы келетін азаматтардың 33%-ке жуығы онлайн қызметтерді пайдаланады, 26 мың жәрдемақы электронды түрде тағайындалды.
Биыл 988,8 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
28 желтоқсан 2021 ж. 535 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 34

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031