Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында шаруалар құрғақшылық салдарын қалай жеңгенін айтып берді

Қызылорда облысында шаруалар құрғақшылық салдарын қалай жеңгенін айтып берді

Бір жарым миллионға жуық мал басы бар Қызылорда облысында жергілікті фермерлер құрғақшылықтың алдын алу үшін шөпті жаздан бастап дайындай бастаған. Облыстың мал саны бойынша үштен бірін құрайтын Жаңақорған ауданында су мәселесінің де шешімі табылуда, деп хабаралайды stan.kz ақпарат агенттігі

Қысқа 25 мың түк шөп дайындаған Мейіржан Құтыбаевтың шаруашылығында 4 мың қой бар.
“Бүгінгі таңда шаруашылығымыз жем-шөппен толық қамтамасыз етілген. Сәуір айына дейін жететін қорымыз бар. Бізде тек малға беретін су бойынша аздап мәселелер туындады. Оның алдын алу үшін құдықтар қазып, күн батареяларымен жұмыс істейтін моторлар орнаттық. Мұның бәрі қосымша шығындарды талап етті. Бірақ біз үшін бастысы мал басының амандығы”, – дейді қожалық басшысы Мейіржан Құтыбаев.
Жаңақорған ауданының жайылымдық жері Қаратаудың етегі мен Сырдария бойында орналасқан. Құрғақшылық әсіресе таулы жерлерге қатты әсерін тигізді. Сондықтан мал өзенге жақын жерлерге қарай жіберілген. 
“Сырдарияда биыл су аз. Шөптер де бұрынғыдай құнарлы емес. Біз малымызды сақтап, оларды жақсы күту үшін бар күшімізді салдық”, –  дейді шаруашылық маманы Азамат Лесбаев.
“Жаздағы құрғақшылық кезінде біз зардап шеккен қожалықтарға көмек қолын создық. Атап айтқанда Тау бөктеріндегі Бірлік ауылының малшыларына 5 мың түп, Арал ауданындағыларға 2 мың түп тегін шөп жіберілді”- дейді окург әкімі Тәттімбет Әбдіраев.  
Ауданда малды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар жүргізілуде. 22 жаңа құдық қазылып, тағы 32-сі тазартылып, іске қосылған.
“Біз құрғақшылық салдарын жою үшін арнайы жоспар дайындап, каналдар мен құдықтарды тазартып шабындық жерлерді пайдаға  асыруға тырыстық. Осылайша алаңдарды да ұлғайтуды көздедік”, -дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев. 
Жаңақорған ауданында 400 мыңнан астам мал басы бар. Олар үшін 190 мың тонна шөп және 37 мың тонна жем дайындалды. Мамандар қор мөлшері қыстан шығынсыз өту үшін жеткілікті дейді. 
09 желтоқсан 2021 ж. 242 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 32

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 29

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031