Қазақстандағы зертханада биологиялық қару әзірлене ме?
Мұндай нысанның құрылысы Қазақстанды әлемдік аренада теріс жағынан көрсетеді деп айтуға еш негіз жоқ.Әлеуметтік желілерде Қазақстанда аса қауіпті вирустардың үлгілерін зерттеуге арналған жаңа зертхана салу жөніндегі жоспар қызу талқылануда, деп хабарлайды zakon.kz
Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл адамдарға қауіп төндіреді, ал басқалары онда биологиялық қару әзірленеді деп санайды. М.Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының мамандарымен кездесіп, қазақстандықтарды алаңдатып отырған жаңа биозертхана туралы сұрақтар қойды.
– Пандемияға қатысты қазіргі жағдай түрлі жұқпалы аурулардың трансшекаралық таралу қаупі өте жоғары екендігін көрсетіп отыр. Соңғы жылдары халық көші-қонының өсуіне, халықаралық бизнестің, сауданың және т.б. дамуына байланысты аса қауіпті қоздырғыштардың әкеліну қаупі бар. Біз басқа мемлекеттермен тығыз байланыстамыз. Бұдан басқа, Қазақстан аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба, Омбы геморрагиялық қызбасы, оба, туляремия, сібір жарасы, бруцеллез сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары да жоқ емес. Аса қауіпті бактериялық инфекцияны диагностикалау және зерттеу үшін елімізде биологиялық қауіпсіздіктің 3-ші деңгейі, BSL-3 зертхана жұмыс істеп тұр. Ал аса қауіпті вирустық инфекцияларды зерттеу үшін биологиялық қауіпсіздіктің неғұрлым жоғары деңгейдегі зертхана қажет, халықаралық стандарт бойынша бұл BSL-4. Мұндай зертханалар бүкіл әлемде бар, жалпы саны саны 60-қа жуық, соның ішінде көрші елдер – Ресей мен Қытайда. Ал бізде әзірге жоқ. Ол не үшін қажет? Себебі біз аса қауіпті микроорганизмдерді әдеби дереккөздер арқылы зерттеп, шетелден диагностикалық сынақтар мен вакциналық препараттарды алып қана қоймай, өзіміздің, отандық өнімдерді әзірлеп, дамытуымыз керек. Мұндай зертхана қысқа мерзімде диагностика жүргізуге, жаңа және белгісіз жұқпалы ауруларды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қазірдің өзінде белгілі және сары қызба, Эбола, Марбург безгегі, Ласса, және т.б. осындай елге әкелінуі ықтимал дерттерді зерттеуге мүмкіндік береді. Оларды зерттеу бізге өзіміздің отандық вакциналық, сондай-ақ дәрілік препараттарымызды әзірлеуге жол ашады. Пандемия кезінде мемлекеттер белгілі бір кезеңде бір-бірінен оқшауланып қалды, осындай жағдайда препараттарды өзің зерделеп, әзірлеу мүмкіндіктері болмаса, өте қиын. Сондықтан биологиялық және ұлттық қауіпсіздігіміз үшін BSL-4 деңгейіндегі зертхана салудың стратегиялық мәселесі туындап отыр.
Зертхана не үшін қажет?
М.Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Нұркелді Төребеков жауап берді.– Пандемияға қатысты қазіргі жағдай түрлі жұқпалы аурулардың трансшекаралық таралу қаупі өте жоғары екендігін көрсетіп отыр. Соңғы жылдары халық көші-қонының өсуіне, халықаралық бизнестің, сауданың және т.б. дамуына байланысты аса қауіпті қоздырғыштардың әкеліну қаупі бар. Біз басқа мемлекеттермен тығыз байланыстамыз. Бұдан басқа, Қазақстан аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба, Омбы геморрагиялық қызбасы, оба, туляремия, сібір жарасы, бруцеллез сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары да жоқ емес. Аса қауіпті бактериялық инфекцияны диагностикалау және зерттеу үшін елімізде биологиялық қауіпсіздіктің 3-ші деңгейі, BSL-3 зертхана жұмыс істеп тұр. Ал аса қауіпті вирустық инфекцияларды зерттеу үшін биологиялық қауіпсіздіктің неғұрлым жоғары деңгейдегі зертхана қажет, халықаралық стандарт бойынша бұл BSL-4. Мұндай зертханалар бүкіл әлемде бар, жалпы саны саны 60-қа жуық, соның ішінде көрші елдер – Ресей мен Қытайда. Ал бізде әзірге жоқ. Ол не үшін қажет? Себебі біз аса қауіпті микроорганизмдерді әдеби дереккөздер арқылы зерттеп, шетелден диагностикалық сынақтар мен вакциналық препараттарды алып қана қоймай, өзіміздің, отандық өнімдерді әзірлеп, дамытуымыз керек. Мұндай зертхана қысқа мерзімде диагностика жүргізуге, жаңа және белгісіз жұқпалы ауруларды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қазірдің өзінде белгілі және сары қызба, Эбола, Марбург безгегі, Ласса, және т.б. осындай елге әкелінуі ықтимал дерттерді зерттеуге мүмкіндік береді. Оларды зерттеу бізге өзіміздің отандық вакциналық, сондай-ақ дәрілік препараттарымызды әзірлеуге жол ашады. Пандемия кезінде мемлекеттер белгілі бір кезеңде бір-бірінен оқшауланып қалды, осындай жағдайда препараттарды өзің зерделеп, әзірлеу мүмкіндіктері болмаса, өте қиын. Сондықтан биологиялық және ұлттық қауіпсіздігіміз үшін BSL-4 деңгейіндегі зертхана салудың стратегиялық мәселесі туындап отыр.