Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Діни сауатсыздықтың теріс салдары

Діни сауатсыздықтың теріс салдары

«Жастардың діни сауатын көтеру – бәз біреу­лер ойлағандай уақыт­ша науқан емес. Бұл мемлекеттік саясаттың өзгермейтін әрі үнемі назарда ұстайтын басым бағыты болуы керек». Жастардың діни білім алу мәселесі төңірегінде осындай ойын ортаға салған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің про­фессоры Айна Қа­былова «бұл бағытта инклюзивті оқытуды енгізу де білім берудің негізгі бағдарламасына қайшы келмейді» дейді.
Университеттің Әлеумет­тік ғылымдар факультеті Дін­тану кафедрасының оқыту­шы­сы А.Қабылова қазіргі у­ақытта жастардың дінге қатысты қа­ра­пайым білімінің болуы өте маңызды екенін айтады. Сол себепті де профессор жоғары оқу орындары, орта білім беретін кәсіптік-техникалық, маманданған жұмысшы кадр­ларын даярлайтын техникум мен колледждердің барлық факультеттеріне міндетті түр­де дінтану пәнін енгізу керек деген ұсынысын білдірді. «Қазіргі таңда адамзат тарихы бұрын-соңды болмаған діни алауыздық, дау-жанжалдар мен ұлтаралық қақтығыстарға куә болып жүр. Әлем бүгінде осы өткір мәселемен бетпе-бет келуде. Сондықтан да оң-солын енді танып, бола­ша­ғын енді бағамдап жүрген жас­тары­мыздың санасын теріс арна­дан аман сақтау, дәстүрлі діні­міздің сабақтастығын сақ­тап қалу жеме-жемге келгенде үлкен мемлекеттік мәселе еке­нін ескеруіміз қажет» дейді ол. Жастардың дінге қатыс­ты дү­ниетанымын кеңейту­дің ма­ңыз­дылығын сөз еткен про­фессор «бұл бағытта жас буын­ға білім беру – қауіпсіз ке­ңіс­тікті құруда қажетті фактор­лардың бірі» екенін атап өтті.
«Бізде өкінішке қарай, діни көзқарастарды шамадан тыс асыра бағалау тенденциясы жиі байқалады. Бұл дұрыс емес. Сондықтан мұндай көз­қарастарға бейтарап күйде, зайырлы этика контексінде қарастыруды әдетке айналдыру қажет. Қалыптасқан догмалар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің көздері, қасиетті кітаптар, ғылыми еңбектерді заманауи құндылықтармен сабақтастыра отырып сіңірудің маңызы өте зор. Әрбір жеке тұлғаның дүниетанымы бүкіл әлемді құратын ұсақ объектив ретінде қарастырылып, әртүрлі дүниетанымдардың «ин­гредиенттерін» сарап­тай білу де аса қажет. Қоғам­дағы дұрыс, салауатты атмо­сфераны нығайту үшін жас­тардың діни сауатын, білім деңгейін көтеруге ерекше мән берілу керек. Өйткені бұл – бүгін айтып, ертең аяқ­тала салатын уақытша мә­селе емес. Қазіргі уақытта әлемдегі қарапайым әрі әм­бебап сауаттылықты да­мы­ту­да жастарымыздың дағ­ды­ларды игеруге дайын болуы да аса маңызды. Сол себепті де еліміздегі барлық жоғары және кәсіби білім беретін оқу орындарының факультеттерінде 2 кредиттік дінтану пәнін енгізу керек. Бұл бастама Білім және ғылым министрлігі деңгейінде бұйрық түрінде бекітіліп, барлық оқу орындарына міндетті арнайы пән түрінде берілуі қажет», дейді А.Қабылова.
Профессор А.Қабылова­ның айтуынша, бүгінде дін­ге сенетін жастардың саны жыл сайын артып келе­ді. Сон­дық­тан да бізге деструк­тив­ті діни ағымдарға қатысты өт­кір мәселенің күн тәртібінен түс­пей тұрғанын ұмытпаған жөн. Бұл жайында профессор: «Жат көзқарасты тез және еркін қабылдайтындар­дың арасында жастар өте көп. Неге? Өйткені олардың көп­шілігінің жалған діни әсер­ге иммунитеттері тым әлсіз. Оның үстіне діни сауат­ты­лық деңгейлері төмен. Бүгін­де интернет пен жоғары тех­но­логиялар дәуірінде, ақ­парат ағыны толассыз, ал оның әсері мен ықпалы орасан зор. Ең басты әрі бірінші «сүзгі» әр жастың отбасы болуы керек. Әрбір ата-ана өсіп келе жатқан ұл-қызының жүріс-тұрысына, тіпті сөйлеген сөзі мен киім киюіне, қандай да бір оқиға мен жаңалыққа көзқарасы мен айтқан ойына жіті мән бергені дұрыс. Исламдағы дәстүрлі бағыттың қайсысы оң, қайсысы теріс ағым екенін дұрыс түсіну үшін ең алдымен қоғамның көзі ашық болуы керек. Сондықтан да еліміздің әр азаматы бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарап, мемлекетіміздің зайырлы сипаты – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты екенін түсінуі қажет», деді А.Қабылова. Ойын «Қазір­гі жастар дәстүрлі және дәс­түрлі емес діндердің ара жігін ажырата білгені дұрыс» деп түйіндеген сарап­шы Еуразия ұлттық универ­си­тетінде өт­кізіліп келе жатқан діни дә­ріс­тердің жалпы маз­мұ­ны­на да тоқталды. Оның ай­туын­­­ша, бүгінде Дін­тану ка­фед­­расының қыз­мет­­кер­лері жастардың діни сауат­ты­лы­ғына университет қабыр­ғасында ғана емес, БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы да ерекше ден қойып келеді. «Мұндай бастама ақпараттық ортада діни ахуалдың қолайлы және тұрақты қалыптасуына ықпал етеді» дейді ол.
Ғылыми-тәжірибелік жеке жобаларды жүзеге асырып жүр­ген кафедра оқытушы­лары­ның бірі экстремизге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы зерттесе, енді бірі дәрістерінде әр студенттен адам­гершілігі мол, креативті және сауатты азамат дайын­дау барысында «ұлттық тәр­бие идеалын» насихаттап келе­ді. Сондай-ақ кафедра ұс­­­т­аз­­­дары «Жастар арасын­да дес­­т­рук­тивті діни сенім­дер­­дің та­ралуы» тақыры­бын­да рес­­пуб­­ликалық дең­гейде дә­ріс­­­тер оқып, студент­тер ара­сын­­­­да аза­маттық жауап­кер­­ші­­лік, діни келіспеушілікті жеңу, мә­де­ни диалогқа шақы­ру, руха­ни және тәжірибелік же­­тілуде тайм-менеджмент үл­гі­­сін ұсынып, мемлекеттік бі­­лім беру саясатының зама­науи та­лаптарын сәтті жүр­гізу­­­де. Бү­гінгі жастардың теріс әсер­­лерге бейім девиант­ты мі­нез-құлық көрсететін әртүрлі әлеу­меттік және эти­калық ортадан шыққан топтармен сауал­дама жүр­гізуде кафедра ұс­таз­дары діни мәдениет­тер мен са­нат­тарды түсіну мен сезіну­ге де көп көмек жасап отыр.
Жастардың діни сауатты­лығын арттыру үшін маңызды қадамдар жасалуы керек еке­нін айтқан А.Қабылова бұл мәселеге қатысты ойын: «Деструктивті сипаттағы жас­тар субмәдениетін оңдауға ба­ғытталған іс шараларды дұрыс жолға қою керек. Ұс­таз­дарға қолдау көрсету мақ­сатында Спорт және жас­тар саясаты департаменті өкіл­дері жастардың агрессивті, экстремальды көңіл күйінің көріністерін орнықтыру үшін заңнама немесе нормалар аясындағы «жазалау» түрінде емес, қауіпті элементтері бар альпинизм, спидвэй, сноуборд, паркур т.б. экстремальды спорт түрлерін дамыту алаңын құру арқылы, жағымсыз энер­гияны физикалық дене шы­нықтыру арқылы сыртқа шы­ғарып тастауға ықпал етсе, оңалуда оң бағытта септігін де ти­гізер еді» деген қосымша ұсы­ныстармен түйіндеді.
22 қазан 2021 ж. 422 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 59

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 59

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 49

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031