Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Катар Қазақстанды "жасыл" тізімге енгізді

Катар Қазақстанды "жасыл" тізімге енгізді

Катар Қазақстанды "жасыл" тізімге енгізді, осылайша елге кіруді жеңілдетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz Қазақстанның Катар Мемлекетіндегі елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңартылған ережеге сәйкес, 11 жасқа дейінгі балалар толық вакцина алған отбасы мүшелерімен бірге болған жағдайда Катарға карантиннен өтпей-ақ бара алады. Ел үкіметі "жасыл" тізімге енген 118 елдің тізімін жариялады.
Катар денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан скриншот, moph.gov.qa "Біз туристік ұсыныстарымызды кеңейтуді жалғастырамыз және еліміздегі кішкентай балаларды қарсы алуды асыға күтеміз. Күн суытып бастады, сондықтан қазір Катарға бару және қысқы күнде демалу үшін ең қолайлы уақыт", - деді Катар ұлттық туризм кеңесінің бас операциялық директоры Бертольд Тренкель.

Қазақстан Республикасының Катар мемлекетіндегі елшілігінің мәліметінше, енгізілген жаңа ережелерге сәйкес, Катарға кірерде вакцинаның екі дозасын алған жасыл тізімдегі елдердің азаматтары үшін ПТР-тестін тапсыру міндет емес. Алайда оларға елге келгеннен кейін 36 сағат ішінде тест тапсыру қажеттілігі бекітілген. 4 жасқа дейінгі балалар бұл сынақтан босатылады. Қазақстанда егілетін Sinovac және Sputnik-V вакциналары Катарда ішінара мойындалды.

Аталған вакцинаның екі дозасын алған адамдар алдын ала оң нәтижелі серологиялық антидене сынағын (a positive Serology Antibody test pre-travel) тапсыруға міндетті және оның жарамдылық мерзімі 30 күн болуы тиіс.
Катар аумағында тұрмайтын азаматтар келу уақытынан кемінде 3 күн бұрын www.ehteraz.gov.qa сайты арқылы алдын ала тіркеуден өтуі қажет. Елге ұшып келген жолаушылар Ehteraz қосымшасын (қазақстандық "Ашық" қосымшасының баламасы) халықаралық SIM-картасымен қоса алады.

2021 жылғы 3 қазаннан бастап Катарда коронавирусқа байланысты енгізілген көптеген шектеу алынды. Атап айтқанда, мемлекеттік және жеке сектордың барлық қызметкері жұмыс орындарына оралды. Ашық қоғамдық орындарда бетперде кию міндетті емес. Театрлар мен кинотеатрларға сыйымдылығы 50 пайыздан аспайтын мөлшерде қызмет көрсетуге рұқсат берілген. Білім беру орталықтары, мұражайлар мен көпшілік кітапханалар жұмысын толық көлемде жандандырды.

Qatar Airways Қазақстанға тұрақты рейстерді 2021 жылдың 15 қазанынан бастап Доха және Алматы қалалары арасында бастауды жоспарлап отыр. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіндегілер рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері А-320 типті әуе кемесінде орындалатынын мәлімдеді.
13 қазан 2021 ж. 256 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 96

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 85

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 67

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 84

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031