Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Olx-те "тегін беремін" санатындағы жарнамалар

Olx-те "тегін беремін" санатындағы жарнамалар

Республикада шеринг және саналы тұтыну тренді өсуде.

Қазақстандағы Olx сервисінде "тегін беремін" санатындағы хабарландырулардың саны артып келеді, деп хабарлайды сервис талдаушылары.
Шеринг және саналы тұтыну тренді кеңінен қанат жаюда. Сондықтан заттардан құтылудың орнына қазақстандықтар оларды мұқтаж адамдарға тегін беруге басымдық беруде.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, "тегін беремін" санатындағы хабарландырулар саны 10 пайызға көбейген. Қазақстандықтар бөлме мен бақша өсімдіктерінен бастап, жануарларды, антиквариат пен электроникаға дейін барлығын тегін беруге дайын.
Сондай-ақ, сервис талдаушылары 2021 жылы еліміздің қай қалаларының тұрғындары барлығына қарағанда мейірімді екенін анықтады – оларға көрсетілген кезеңдегі қала бойынша хабарландырулардың жалпы санына шаққанда Olx-тегі тегін хабарландырулардың ең үлкен пайызы тиесілі болды. Нәтижесінде, Ақтау тұрғындарының көбінесе заттарын тегін бергісі келетіні, ал Шымкент халқы керісінше, заттарын ең аз үлестіретіндер болып шықты.
Сарапшылардың айтуынша, дүниежүзінде бірлескен тұтыну экономикасы өсіп келеді. Сонымен қатар коронавирустық пандемия саналы тұтыну трендін жойған жоқ, керісінше оны күшейте түсті: өзін-өзі оқшаулау саналы сатып алулардың өсуіне және заттарға ұқыпты қарауға түрткі болды. Нәтижесінде, шеринг және саналы тұтыну тренді кеңінен қанат жаюда. Сондықтан, заттардан құтылудың орнына, қазақстандықтар оларды мұқтаж адамдарға тегін беруге басымдық беруде.
24 мамыр 2021 ж. 569 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031