Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Қазақстанда әлі де жазылғандардан жұқтырғандар көп

Коронавирус: Қазақстанда әлі де жазылғандардан жұқтырғандар көп

Ведомствоаралық комиссия індеттің таралуы бойынша тың ақпараттар легін жария етті. Комиссия жүргізген есепке сәйкес, елде өткен тәулікте 2089 адам коронавирус жұқтырып, 1738 адам жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстанда өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталып отыр. Статистика ПТР-сынама арқылы расталған.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 284; Алматы қаласында – 549; Шымкент қаласында – 86; Ақмола облысында – 153; Ақтөбе облысында – 50; Алматы облысында – 125; Атырау облысында – 77; Шығыс Қазақстан облысында – 74; Жамбыл облысында – 32; Батыс Қазақстан облысында – 97; Қарағанды облысында – 346; Қостанай облысында – 32; Қызылорда облысында – 16; Маңғыстау облысында – 39; Павлодар облысында – 87; Солтүстік Қазақстан облысында – 12; Түркістан облысында - 30. Ал өткен тәулікте коронавирус індетінен емделіп шыққан адамдардың саны 1738 адамды құрады. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 367; Алматы қаласы – 467; Ақтөбе облысы – 73; Алматы облысы – 299; Атырау облысы – 77; Шығыс Қазақстан облысы – 76; Жамбыл облысы – 57; Батыс Қазақстан облысы – 20; Қарағанды облысы – 236; Қызылорда облысы – 4; Маңғыстау облысы – 2; Павлодар облысы – 41; Солтүстік Қазақстан облысы – 7; Түркістан облысы – 12. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирусты 360 193 адам жұқтырған.
Соның ішінде 317 741 науқас жазылып шыққан. 17 мамырдағы мәлімет бойынша, бүгінгі таңда елде 38 888 адам коронавирус инфекциясынан (38 379 КВИ+ және 509 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 295 пациент стационарда, 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 820 адамның жағдайы ауыр болса, 185 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ал 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек мынадай: 2021 жылғы 16 мамырдағы мәлімет бойынша 20 жаңа жағдай тіркелген. 6 адам көз жұмып, 83 адам жазылып шыққан.
17 мамыр 2021 ж. 491 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930