Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер
"Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықтарды бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз.
♦ Алғашқы иіссу обаның алдын алу құралы ретінде пайда болған;
♦ Әлемде минут сайын 2 рет жер сілкінісі болады;
♦ Барлық тіршілік иелерінің ішіндегі ең үлкен ми – құмырсқада.
♦ Әйгілі ертегіші және жазушы Ганс Кристиан Андерсен бір сөзді де дұрыс жаза алмайтын болған;
♦ Дүйсенбіде басқа күндерге қарағанда 25 пайызға көп жарақат және адамдар 33 пайызға көп инфаркт алады;
♦ Күн сайын әлемде орта есеппен 33 жаңа өнім пайда болады. Оның 13-і балалар ойыншығы;
♦ Масаларды банан жеген адамдардың иісі тартады;
♦ Хоккей шайбасының жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жетеді;
♦ Неандертальдықтардың миы қазіргі адамдардың миынан үлкен болған;
♦ Орташа есеппен банкомат қателесіп жылына 250 доллар артық ақша беріп жібереді;
♦ Сауд Арабиясында өзен жоқ;
♦ Пингвин үш метр биіктікке секіре алады;
♦ Адамның өмір бойы өсетін шашының орташа ұзындығы 725 шақырым;
♦ Ақ киттің жүрегі Volkswagen Juk көлеміндей;
♦ Фрегат құсы ұшып бара жатып ұйықтай алады;
♦ Сегізаяқ пен кальмардың үш жүрегі бар;
♦ Юпитер және Сатурн планеталарына алмас жаңбыр жауады;
♦ Бүкіл әлемде жұлдыздар Жердегі құм түйіршіктерінен де көп.