Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 мамырға арналған ауа райы болжамы

5 мамырға арналған ауа райы болжамы

5 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің тек солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде екпінді жел, тұман күтіледі. Оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аумағында бұршақ күтіледі, кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман болады.

Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Қызылорда, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман болады.

05 мамыр 2021 ж. 498 0

5 облыста жол жабылды

30 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031