1 қыркүйектен бастап қоғамдық көлік карталары қымбаттайды

«Карта құнының өсуі АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы, өзге адамдардың бұзу қаупінен көпдеңгейлі қорғанысы бар NXP чипі, пайдаланылатын жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығыстары, тіркеу, фото түсіру және басқа да деректерді ескере отырып, пластикалық картаның құнын қамтитын шығындардан құралады. Бұрын сатып алынған карталар жарамды және оларды өзгертудің қажеті жоқ», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, жолақы төлеудің электронды жүйесі (ЭСАЖ) 2016 жылы енгізілген. Көлік карталарының құны 400 теңге деңгейінде болды және бірнеше девальвация кезінде де өзгермеген еді.
Қазір елордада қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын түрлі жолдармен төлеуге болады: көлік картасы, қысқа нөмірге SMS жолдау, QR-кодты сканерлеу, мобильді қосымшаларда көлік кодын енгізу, банк картасы, сондай-ақ биометриялық деректерді пайдалану. Бір жарым жыл ішінде SMS/QR пайдалану үлесі күнделікті жолаушылар ағынында 33-35%-ға жетті. Бұл әрбір үшінші сапар SMS/QR көмегімен жасалатынын көрсетеді. Осы мақсаттар үшін төлемнің әртүрлі нұсқалары ұсынылған: 5 байланыс операторы және 10 мобильді қосымшалар қосылған.