Сақтықта қорлық жоқ
Елде төтенше жағдай орын алғалы бері бірқатар шара қолға алынды. Солардың бірі – залалсыздандыру жұмыстарын жаппай жүргізу. Бүгінгі күнге дейін бірнеше мекеме ғимараты, кәсіпкерлік нысан, жеке және қоғамдық автокөліктер мен аялдамалар залалсыздандырылды.
Залалсыздандыру – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Мұның жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмауға тигізетін пайдасы мол. Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру сақтық (профилактикалық) және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды) деп ажыратылады. Ал аудан жұртшылығының неден залалсыздандырылып жатқандығы белгілі. Елге енген індеттен қорғану жолдары жан-жақты қарастырылуда. Осы істің басы-қасында жүрген «Дезинфекция и К» толық серіктестігінің басшысымен телефон арқылы тілдестік. Отыз жылға жуық уақыт ел игілігі үшін жұмыс істеп тұрған серіктестік төтенше жағдай орнағалы бері 59 мекеме ғимараты, бірнеше кәсіпкерлік нысаны, 80 жеке және қоғамдық автокөлікке залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген.
Бізбен әңгіме барысында дезинфекция жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын ескерткен серіктестік басшысы Рахымжан Тыныштықбайұлы: «Мекемеде 8 адам жұмыс істейді. Үш бригада бар. Арнайы аппарат және техникалармен толық қамтамасыз етілгенбіз. Мамандардың барлығы арнаулы курстан өткен. Уақытты үнемдеп, күн-түн демей, тапсырыс түссе, жұмыс жүргізуге толық дайынбыз», – дейді.
Оның айтуынша, залалсыздандыру жасалған соң бір сағат есік-терезені бекітіп, ғимаратты бос қалдыру керек. Ал автокөліктерге 15-20 минут отырмаған жөн.
– Тұрғын үйлердің алдында тұрған қоқыс жәшіктеріне залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп тұруы тиіс. Бұны көпшілік ескере бермейді. Сонымен қатар банк бөлімшелері, қоғамдық әжетхана, дүкендер тағы басқа адам көп шоғырланатын орындар әлі де тыныш отыр. Бұл бейжай қарайтын дүние емес. Мектептердің өзі шағын орталықтарын ғана залалсызданырды. Керсінше, қазіргі талапқа сай тындырымды жұмыс істеп жатқан мекемелерде аз емес. Мәселен, «Сыр маржаны» серіктестігі. Бұнда мекеме кеңсесі, мал бордақылау алаңы және ондағы әрбір шағын ғимарат та санитарлық талапқа сай дезинфекциялау толығымен атқарылды, – деді Р.Тыныштықбайұлы.
Айта кететін жайт, залалсыздандыру жұмыстарының бағасы шаршы метріне 24-30 теңгеден есептеледі. Сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан күн сайын өз үйіңіздің есік-терезесін, еденді 0,3 проценттік хлор ертіндісімен жуып, сүртіп отырғаннан ұтпасаңыз, ұтылмайтыныңыз жадыңызда жүрсін.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА