Қаңтар атауы қайдан шыққан?
Қазіргі қазақша ай аттары ресми түрде 1990 жылы бекітілген екен. Бұған дейін қазақ халқында күнтізбе жүргізудің бірнеше түрі болыпты. Соның бірі қазіргі атауларға негіз болып келген табиғаттың тылсым құбылыстары мен қазақы салт-дәстүрге байланысты өзіндік ерекшелігімен аталған: наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. 12 шоқжұлдыздың арабша атына орайластырылған парсы күнтізбесі де бар. Онда: амал, сәуір, зауза, саратан, әсет, сүмбіле, мизам, ақырап, қауыс, жәди, дәлу, құт деген тізбек те кездеседі. Бүгін біз қаңтар сөзі мен осы айдың түрлі нұсқаларын қарастыратын боламыз.
Жылды 12 айға бөліп санайтын дәстүр ертеден қалыптасқан. «Көшпeлi өмip cүpeтiн, түpiктep жылды төpт мaycымғa бөлiп, әp үш aйды бip aтпeн aтaйды. Жылдың өтyiн coл тәciлмeн бeлгiлeйдi. Aй – 30 күннeн тұpaтын yaқыт өлшeмi. Бip aйлық yaкыттың өтyi aйдың дәyip cүpyiмeн eceптeлгeндiктeн, жылдың oн eкiдeн бip бөлiгi дe «aй» дeп aтaлaды», – деген дерек келтіреді Махмут Қашғари.
«Қаңтар» сөзі негізінен түріктерге тиесілі. Күннің соншалықты қысқарып, қазыққа тартып байланған аттай қаңтарылып тұруына байланысты бұл айды қаңтар деп атайтын болған. Желтоқсанда күн қысқарып, түн ұзарып бітеді. Яғни, күн тоқырайды. Тоқырауға жеткен күн басын көтере алмайтын қаңтарулы аттай одан ары қысқара алмайды. Ай ауысып, ақпан басталар тұста күн қайтадан ұзара түседі. Мұндайда дана халқымыз «Қаңтарда күн қарға адым, ақпанда атан адым ұзарады», – дейді екен.
Алты ай қыстың қаһарына мініп, бұрқылдап, ысқырынып жатар тұсына сай келетін қаңтар айында қазақтар той тойлап, сапарлап ешқайда шықпайды. Мал төлдеп, сақманның басталар уақыты қаңтардың сарышұнақ аязына дөп келеді.
1917-1940 жылғы күнтізбелерден қаңтардың «ғынуар» деп аталғанын байқауға болады. Январьға ұқсас, бірақ сәл айырмашылығы бар екендігі көзге көрініп тұр. Шынымен де ғынуар январьдің ескі, грекше атауы – «генварь» сөзінен шыққан. Шоқан Уәлиханов өз жазбаларында «генварь» деп пайдаланған.
Қаңтар айы – қыс айларының ішіндегі аяз бен бораны болатын, қар көп жауатын ай. Атырау өлкесін мекендеген қазақ жұрты қаңтар айын бұрынғы уақыттарда «Дәлу» деп атаған. «Дәлу» мен «Қаңтар» атаулары қатар қолданылған. Ел аузында бұл айды «тентек дәлу» деп те айтқан. Себебі осы мезгілде боранды-шашынды сәттер жиі орын алған. Бір мезет аяз болса, бір мезет түтеген боран соғады. Желтоқсан айының аяғында теңескен күн мен түн, қаңтар айында өзгере бастайды.
Қаңтардың соңғы апталарында болатын «крещенские морозы» аязын қазақтар «ақпан-тоқпан аязы» деп атаған.
Қазақстандағы қыс мезгілінің ең суық кезі қаңтар болып саналады. Өңірдің шөлді аймақтарында бұл ай негізінен желді, аязды болады. Таулы өңірдің климаты оңтүстікке қарай жұмсара түседі.
Қаңтар – қауысқа сәйкес. Қар тебе алмайтын кәрі құртаң мал осы тұста сойылатын болған. «Қаңтар мен қауыс – кәрі-құртаңды тауыс» деген тәмсіл содан қалған. Қаңтар – шаруа айы. Қақаған қыс қаһарына қарсы қайрат пен күш-жігер қатар жұмсалар шақ. Психологтардың пікіріне қарағанда, бұл айда адамдар болашаққа неғұрлым үмітті, әрекетті, сергек келеді.
Қаңтар атақты теке бұрқыл боранымен белгілі. Онан кейiнгi ай – үт. Қаңтарылған күн ұзара бастағанда жарығы молайып, терезеден түскен ақ сәуледе тозаң тәрiздi ақ ұшқын ұшып жүргендей көрiнедi. Осы ақ сәуленi қазақ «үт» деп атаған. «Үт кiрдi, құт кiрдi» деп жұрттың iрi қарасы төлдеп, елдiң аузы аққа да жари бастаған тұсты айтса керек.

Дайындаған
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ