Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық табысы бір жылда 17%-ға өсті

Халық табысы бір жылда 17%-ға өсті

Халықтың табысы 2022 жылдың үшінші тоқсанында 245,5 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5%-ға артық. Өткен жылы көрсеткіш 210,7 мың теңгеге тең болды.
Ең көп табыс елордалықтарда: жан басына шаққанда орта есеппен 339 мың теңге. Ол өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға артық.

Екінші орын Қарағанды облысының халқына тиесілі. Мұнда орташа табыс – 332,3 мың теңге. Көшбасшылардың үштігіне Шығыс Қазақстан облысы кіреді, халықтың орташа табысы 312,7 мың теңгеге тең.
Ең аз табыс Түркістан облысының тұрғындарында байқалды. Жан басына шаққанда небәрі 156,4 мың теңге ғана.

Қазақстандықтар табыстың көп бөлігін (76,3%), яғни 180,4 мың теңгені еңбек қызметінен алады. 157,2 мың теңге жалдамалы жұмыстан, 23,2 мың тг дербес жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстан түседі.
Әлеуметтік трансферттер бір жылда небәрі 3,3% - ға, 55,1 мың теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде 44,8 мың тг зейнетақы, 9,1 мың тг жәрдемақы, 1 мың тг стипендия, 239 тг АӘК және тұрғын үй көмегі кіреді.
Туыстары мен таныстарынан материалдық көмек, сондай-ақ алимент 6,2% - ға, 5,5 мың теңгеге дейін өсті.
09 қаңтар 2023 ж. 632 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930