Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда автодоңғалақ құны өскен

Қазақстанда автодоңғалақ құны өскен

Автокөліктің доңғалағын ауыстыру бойынша ұсыныс нарығы былтырғымен салыстырғанда 20%-ға төмендеп, қызметтерге сұраныс, керісінше 50%-ға өскен, деп хабарлайды egemen.kz.
OLX онлайн-хабарландыру сервисінің талдаушылары сервис деректеріне сүйене отырып, Қазақстандағы автоқызмет нарығына сараптама жасады. Ұсыныстар нарығында да, іздеу сұраныстарының саны бойынша да автомобиль қызметтерінің ең танымал түрі эвакуатор қызметі болған.
Сондай-ақ автомобильдің дөңгелегін ауыстыру бағасы да біршама өскен, деректер бойынша 12%-ға көтерілсе, жаңа доңғалақтардың өз бағасы 25% қымбаттаған.
Осылайша, жаздық шиналарды қыстық түріне ауыстыру құны орташа есеппен 4 000 теңгені құраған. Бұл қызмет түрі Астана, Алматы және Шымкентте – тиісінше 6 000, 5 500 және 5 000 теңге болса, ең арзаны Қызылорда мен Тараз қаласында екен, қызметтің орташа құны 2 500 теңгені құраған.
Автодоңғалақтар туралы айтсақ, сұраныс көбінде Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында басым болған. Бағалары бойынша, пайдалануда болған автошиналардың орташа құны 45 000 теңге, ал жаңа түрі 80 000 теңге. Ең қымбат шиналар Астана қаласында кездессе, ең арзан баға Ақтау қаласында ұсынылған.
09 қараша 2022 ж. 551 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30