Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тағы бір қызмет іске қосылды

Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тағы бір қызмет іске қосылды

Енді зейнетақы жинағының шекті мөлшерінен асатын ақшаға жер телімін сатып алуға болады. Бұл туралы «Отбасы банк» басшысы Ләзат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды egemen.kz
«Біз бүгін осы опцияны іске қостық. Енді зейнетақы жинағының бір бөлігіне жер телімін сатып алуға болады. Порталда арнайы батырма енгізілді», деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Бұған дейін зейнетақы жинағының қаржысына жекеменшік үй салуға рұқсат берілген. Алайда салымшылардың көбісі үй салу үшін алдымен жер телімін сатып алу қажеттігін айтқан.
«Жерді екі мақсатта ғана алуға болады. Жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа. Екі жылдың ішінде үй салып, банкке тиісті құжаттарды жіберу керек», деп түсіндірді Ибрагимова.
Барлық құжат enpf-otbasy.kz порталындағы жеке кабинет арқылы жіберіледі.
Ләзат Ибрагимованың айтуынша, бар болғаны екі құжатты жіберу керек. Біреуі – үйді пайдалануға беру актісі, екіншісі – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық пен оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама.
Ал екі жылдың ішінде үй салынбаса, ақшаны қайтаруға тура келеді. Алайда құжат рәсімдеу жағынан қиындықтар туындаған жағдайда қосымша уақыт берілуі мүмкін.
22 желтоқсан 2021 ж. 1 026 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031