Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйленгендерге 3 млн теңге бөлу ұсынылды

Үйленгендерге 3 млн теңге бөлу ұсынылды

Той шығындарын адамдардың қалтасы көтере бермейді.

Елімізде жаңадан отау құрған жас жұбайларға бюджеттен 3 миллион теңге бөлу ұсынылды. Мұндай идеяны журналист және қоғам қайраткері Гүлжан Ерғалиева айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Ол өзінің Facebook әлеуметтік желісінде бір қазақ отбасының хикаясын жазыпты.
"Бір кедей отбасы қызын тұрмысқа беру үшін 3 миллион теңге несие алғаны туралы естідім. Жасау, құдаларға сый-сияпат сатып алып, 90-100 адамға арналған ұзату тойын жасау қажет қой. Соның бюджеті, міне, осындай", - деп жазады Гүлжан Ерғалиева.
Алайда отағасының тұрақты жұмысы жоқ екен, әйелі - мектепте еден жуушы. Алатын айлығы - 70 мың теңге.
- Сонда олар бұл несиені қалай төлемек? Оған қоса пайызы бар, - дейді журналист.
Ұқсас жағдайға көптеген қазақ отбасы тап болады. Той шығындарын адамдардың қалтасы көтере бермейді. Сол себепті Гүлжан Ерғалиева елде «той капиталын» енгізуді ұсынады.
"Егер мемлекет жас жұбайларға 3 миллион теңге мөлшерінде  «той капиталын» бөлетін болса, біз кедейленіп қалмайтын шығармыз?", – деп жазады ол.
Сондай-ақ, ол мұндай қаражатты тек алғаш рет отау құрып жатқан жастарға ғана беруді ұсынды.
Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі бұл идеяны қолдамады.

04 қазан 2019 ж. 972 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 143

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031