Ломбард ашу үшін қанша керек?
«Ломбард» сөзі Италиядағы Ломбардия аймағының атауынан шыққан. Дәл сол жерде 1462 жылы мүлік кепілдігімен несие бере отырып, алғашқы несиелік мекеме пайда болды. Содан бері бұл несиелік мекемелер халықтың көп баратын жеріне айналды.
Ломбард — мамандандырылған коммерциялық ұйым, оның негізгі қызмет түрлері азаматтардың жылжымалы мүлкін кепілге қойып, қысқа мерзімді қарыз беру және заттарды сақтау болып табылады.
Мұндай кәсіпте ломбардтық бизнес үшін жасалған заң шығарушы органдардың барлық талаптарын сақтау маңызды. Егер кәсіпкер қандай да бір талапты бұзса, оған үлкен ақшалай айыппұл төлеуге тура келеді.
2006 жылдан бастап Қазақстанда ломбарттарды лицензияламайды.
Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті алу үшін алдымен сізге ЖШС ретінде тіркелу қажет. Заңды тұлғаны тіркеу ең қарапайым қадам, тек тіркеу кезінде атауында «ломбард» сөзін қосу міндеттеледі. Тіркеу процесі туралы сілтемеге өтіп, таныса аласыз. Сондай-ақ, ломбард операцияларын жүргізу ережелерін клиенттердің көре алатындай жерге орналастыру керек.
Ашылатын кәсіпорын үшін орналасатын жерді таңдау кезінде ескерілуі қажет өлшемдер:
Қала орталығындағы офисті бір айға жалға алу құны квадрат метріне 3500 теңгеден басталады. Ал қаланың шет жағында офисті метріне 2000 теңгемен жалға алуға болады. Демек, Алматыда 10 м² офисті жалға алу үшін кемінде 20 000 теңге керек. Орталықты таңдасаңыз орташа есеппен — 35 000 теңгеден жоғары.
Сонымен қатар жиһаздар: үстел, қызметкерлер мен клиенттерге арналған орындықтар, кассалық аппарат, камера. Міндетті түрде компьютер және арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету.
Жабдықтар мен сейфтің орташа бағамы (көлемі мен жағдайына байланысты):
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күзет кәсіпорындарының қызметтерін алдын ала келісім-шарт жасай отырып пайдалануға болады. Бұл ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені тағы бір қызметкерді (күзетшіні) тұрақты жұмысқа жалдаудың қажеті жоқ. Күзет кәсіпорындарының орындалатын жұмысына ақы төлеу ай сайын 300-400 долларға жетуі мүмкін. Ұлттық валютада — 120 000 теңгеден басталады.
Кейінгі қадам ломбардтың жұмыс уақытын анықтау. Мұндай типті кәсіпорындар үшін ең тиімді жұмыс кестесі — 10:00 — 23:00.
*мүмкін клиенттерге парақшалар тарату.
*газетте жаңа ломбард ашылғаны туралы хабарландыруларды орналастыру туралы келісімге келу.
Бұндай қарапайым бір реттік жарнама түріне 200 000 теңге кетеді.
Ломбард ашу шағын бизнестің қатарына кіреді. Ең төменгі соманы есептегенде, кәсіптің бұл түрін бастап үшін 3 — 5 млн теңге керек. Қаражатыңызға байланысты ломбард ашатын офистің ауданын, оның ремонтына кететін қаржыны, керек жабдықтар мен жиһаздар санын және қызметкерлердің санын есептейсіз. Коммуналдық төлемдерді, салық төлемдерін де ұмытпаған жөн.
Егер тұрақты клиенттер пайда болса, бұл бизнеске салған капитал 2 жылда өз-өзін ақтайды екен. Ол үшін ауқымды жарнамалық науқанды жиі өткізіп отыру керек.
7kun.kz
Ломбард — мамандандырылған коммерциялық ұйым, оның негізгі қызмет түрлері азаматтардың жылжымалы мүлкін кепілге қойып, қысқа мерзімді қарыз беру және заттарды сақтау болып табылады.
Ломбард ашу
Қазақстанда ломбард ашу соншалықты қиын емес. Алайда, ломбард ашатын адамға хабардар болуы керек жайттар бар.Мұндай кәсіпте ломбардтық бизнес үшін жасалған заң шығарушы органдардың барлық талаптарын сақтау маңызды. Егер кәсіпкер қандай да бір талапты бұзса, оған үлкен ақшалай айыппұл төлеуге тура келеді.
2006 жылдан бастап Қазақстанда ломбарттарды лицензияламайды.
Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті алу үшін алдымен сізге ЖШС ретінде тіркелу қажет. Заңды тұлғаны тіркеу ең қарапайым қадам, тек тіркеу кезінде атауында «ломбард» сөзін қосу міндеттеледі. Тіркеу процесі туралы сілтемеге өтіп, таныса аласыз. Сондай-ақ, ломбард операцияларын жүргізу ережелерін клиенттердің көре алатындай жерге орналастыру керек.
Орналасатын жерді таңдау
Ломбардтың орналасу орны өте маңызды рөл атқарады. Мекен-жайды таңдағанда «тірі» аймақты табу маңызды. Себебі, ломбардтың табысты болу тікелей клиенттердің көп болуына байланысты.Ашылатын кәсіпорын үшін орналасатын жерді таңдау кезінде ескерілуі қажет өлшемдер:
- Ломбард адамдардың жүріп бара жатып байқап, кейіннен тұрақты клиентіне айналатындай жерде орналасқаны дұрыс.
- Ломбардтты ғимараттың бірінші қабатында орналасуы маңызды. Ол болмаса, жертөледе орналасуға да болады.
- Кәсіпорынды халық тығыз орналасқан тұрғын ауданда орналастыру ұсынылады.
- Мекен-жай санитарлық-эпидемиологиялық станцияның және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Қала орталығындағы офисті бір айға жалға алу құны квадрат метріне 3500 теңгеден басталады. Ал қаланың шет жағында офисті метріне 2000 теңгемен жалға алуға болады. Демек, Алматыда 10 м² офисті жалға алу үшін кемінде 20 000 теңге керек. Орталықты таңдасаңыз орташа есеппен — 35 000 теңгеден жоғары.
Жабдықтарды таңдау
Бұл бизнестегі ең керек жабдықтар: сейф, қышқыл реактивтер, электронды таразылар (120 дейін), кольцемер, надфильдер жиынтығы, үлкейтетін линза.Сонымен қатар жиһаздар: үстел, қызметкерлер мен клиенттерге арналған орындықтар, кассалық аппарат, камера. Міндетті түрде компьютер және арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету.
Жабдықтар мен сейфтің орташа бағамы (көлемі мен жағдайына байланысты):
- Сейф — 12 000 теңгеден — 250 000 тг дейін
- Қышқыл реактивтер — 1 мл — 300 теңгеден басталады
- Электронды таразылар — 3500 — 13000 тг
- Кольцемер — 3000 тг
- Надфильдер жиынтығы — 1000 тг басталады
- Үлкейтетін линза — 2000 теңгеден
- Үстел сөресімен — 10 000 тг-ден, жаңасы — 18 000 тг-ден
- Кеңселік орындықтар — 3000 тг-ден
- Кассалық аппарат — 50 000 теңгеден басталады, орташа бағасы — 70000 тг
- Компьютер немесе ноутбук — жаңасы — 70 000 теңгеден басталады.
Қызметкерлерді таңдау
Қызметкерлер саны ломбард үшін таңдалған бөлме көлеміне байланысты болады. Ломбард үшін жауап беретін сатушы мен бағалаушыны, сондай-ақ есеп жүргізу үшін бухгалтерді жұмысқа алу қажет. Сатушы мен бағалаушының міндеттерін бір адам орындай алады. Мұндай қызметкерлердің лайықты жалақы сомасы айына шамамен 200 000 — 400 000 теңге болуы мүмкін. Ал бухгалтердің қызмет ақысы шамамен —150 000 теңге.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күзет кәсіпорындарының қызметтерін алдын ала келісім-шарт жасай отырып пайдалануға болады. Бұл ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені тағы бір қызметкерді (күзетшіні) тұрақты жұмысқа жалдаудың қажеті жоқ. Күзет кәсіпорындарының орындалатын жұмысына ақы төлеу ай сайын 300-400 долларға жетуі мүмкін. Ұлттық валютада — 120 000 теңгеден басталады.
Кейінгі қадам ломбардтың жұмыс уақытын анықтау. Мұндай типті кәсіпорындар үшін ең тиімді жұмыс кестесі — 10:00 — 23:00.
Жарнама тәсілдері және бизнесті жылжыту
*кәсіпорынды жарнамалау үшін ломбард ашу жоспарланып отырған аудандағы бағандарда, сондай-ақ үйлердің кіреберістерінде парақшаларды желімдеу.*мүмкін клиенттерге парақшалар тарату.