Тырнақты қалай қатайтуға болады?
Жақсы күтім жасалған тырнақ – сән емес, табиғи қажеттілік. Қазір әйелдерге өздеріне күтім жасауға мүмкіндік мол. Тырнақ саулығын оның сыртқы түрінен, құрылымынан және пішінінен байқауға болады. Сау тырнақ тегіс, жалтыр және алқызыл болады. Әрине, тырнақ табиғатынан қатты болса, жақсы, бірақ ол сынғыш болса, не істеуге болады? Тырнақ қатайтуға арналған процедураларды ұсынамыз.
Минералды қаптама
Тиімді және пайдалы процедура. Тырнақ маманы алдымен тырнақ үстін құрғатып, құрамында ара балауызы, кремний және мырышы бар паста тәрізді зат жағып қояды. Содан соң ол қоспаны тырнаққа күдері егеуішпен жай уқалайды: паста қызады және тырнақтағы микроскопиялық жырықтарды толтырады. Нәтижені арнайы ұнтақпен бекітеді, ол пайдалы заттарды сақтап, тырнақты тегіс әрі жалтыр етеді. Процедураның әсері үш аптаға дейін сақталады, оны айына бір рет жасауға болады.
Тырнақты жібекпен қаптау
Сынғыш тырнаққа арналған арнайы жібек лента болады. Тырнақты тегістеген соң әр тырнақты жібек бөлігімен орайды. Содан соң матаны қоректік ерітіндігіге суланған ағаш таяқшамен түзейді. Бұл процедура тырнақты қабаттанудан қорғайды және тырнақты қатайтады. Биогель Биогель 70% протеиннен тұрады, олар тырнақты қоректендіріп, бекітеді. Маман тырнақ пластинасын аздап тегістеп, қоспаны жағады және оны шамның астына ұстап бекітеді. Оған жиі табиғи реңкті гельдер қолданылады. Одан кейін бетіне лак жағуға бола береді. Тырнақты қатайту үшін 2-3 процедура жеткілікті. Тырнақ қабаттануын тоқтатады, қатаяды және сау көрінеді. Бірақ биогельді гель-лак секілді өзіңіз үйден алуға болмайды. Оны тырнақтан алдыру үшін міндетті түрде маманға бару керек.
Гель-лак
Қазір гель-лактармен жасалатын маникюр кең таралған. Тырнаққа лак секілді оңай жағылатын, бірақ гель сияқты берік арнайы құрал жағады. Тырнақты құрғатады, оған арнайы негіз, содан соң гель-лак жағады, соңынан бекітетін құралмен қаптайды. Әр қабатты ультракүлгін шамның астында бірнеше минут ұстайды. Бұл қаптамадан соң тырнақ жаңа жасалған маникюр секілді көрінеді. Қаптама өз әсерін 14 күн өткеннен кейін де сақтайды.
Үй құралдары
Тырнақты үйден қатайтуға болатын тиімді құралдарға йод пен тұз ваннасы және лимон мен ас содасы маскасы жатады. Сонымен қатар, тырнақты өсімдік майымен уқалауға болады. Ерітілген балауыздан жасалатын маска тырнақ қабаттануынын арылуға көмектеседі. Ол үшін жылы балауызға саусақ ұштарын батырып, содан соң қолыңызды ағып тұрған суық судың астында ұстаңыз. Қолыңызды кептіріп, мақта қолғап киіп алыңыз. Оны түні бойы ұстаған жөн. Таңертең тырнақтағы балауызды мұқият алып тастаңыз. Егер осы масканы аптасына 1-2 рет жасасаңыз, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Тырнақ – берік негіз, ежелгі уақытта тырнақтың жағдайына қарап, адамның денсаулығы туралы білетін болған. Егер тырнақ сынғыш, әлсіз бола түсіп, қабаттана берсе, оған қандай да бір жағдай себеп болғаны. Тырнақ саулығына көптеген факторлар әсер етеді. Оның жағдайын жақсартуға болады, тек шыдамдылық пен дұрыс күтім қажет.
Тырнақтың әлсіз болуына дұрыс емес күтім себеп болуы мүмкін: лак кетіретін сапасыз сұйықтық пен лактар. Бұл жағдайда тырнаққа арналған құралдарыңызды ауыстыру қажет. Лак кетіретін сұйықтықтың ацетонсыз түрін таңдаңыз. Сонымен қатар, тырнаққа жуушы құралдарда және кір жуатын ұнтақтарда болатын химиялық компонеттер әсер етуі мүмкін. Химиялық құралдармен қатысты барлық істі резеңке қолғап кию арқылы орындаған жөн. Бастапқыда қолғап ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ егер әдетке айналдырсаңыз, қолғаппен жұмыс істеуге дағдыланып кетесіз. Тырнақ қатаю үшін тамақтану үлесіңізге де мән беріңіз: күнде сүзбе жеуді және айран ішуді ұмытпаңыз. Қолыңызға крем жаққан кезде тырнаққа да жағып, аздап массаж жасай уқалаңыз. Үнемі лакпен жүру де зиян, сондықтан арасында тырнақты демалтып тұрыңыз.