Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанды таңертең тапсыру міндетті ме?

Қанды таңертең тапсыру міндетті ме?

Анализ тапсыруды жағымсыз ететін әрекеттердің бірі – таңертең ертемен ұйқыдан тұрып, емханаға бару. Кейде тіпті, таңғы ас ішуге де болмайтынын ескертеді.

Неліктен анализді тек таңертең қабылдайды?
Қандағы эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер және басқа да кей гормондардың деңгейі күні бойына өзгеріске ұшырайды. Сондықтан, таңертең мен кешке алынған бір анализдің нәтижелері әртүрлі болып шығады. Оларды салыстыру дәрігерге қиынға соғады. Сонымен қатар, кей зерттеуді жаңа биоматериалда өткізу керек. Мысалы, қан 4-6 сағаттан артық сақталмауы тиіс болады. Сондықтан, анализ таңертең түскен кезде зертханашы үлгінің бұзылмағанына сенімді болады. Жеке зертханалар анализді күні бойы қабылдай береді. Алайда, бір анализді бірнеше рет тапсыру керек болса, зертханаға күнде бір уақытта келген жөн.

Аш болу міндетті ме?
Ол анализ түріне байланысты. Кей анализдерге тамақ әсер етпейді. Бірақ қан тапсырарда майлы тамақ жемеген жөн. Ол қанды бірнеше сағатқа бұлдыр етеді. Британиялық және америкалық ғалымдар анализ тапсырар алдында аш болу міндетті емес екенін айтады. Олардың ойынша, нәтижеге тек тәтті және майлы тамақ әсер етуі мүмкін. Бірақ көптеген емханаларда ереже орнатылған: анализді аш қарынға тапсыру керек. Басқа не істеуге болмайды? Анализ тапсырар алдында темекі тартуға, судан басқа нәрсе ішуге, сағыз шайнауға, спортпен айналысуға және кей дәрілер мен ББҚ (биологиялық белсенді қоспа) қабылдауға болмайды. Мұның барлығы нәтижеге әсер етеді.

Қан тапсыру кезінде ауру жұқтырып алу мүмкін бе?
Жоқ. Егер емханада бір реттік қолғап қолданбаса немесе құралдар барлық ереже бойынша зарарсыздандырылған болмаса, оның лицензиясын тартып алады.

28 наурыз 2019 ж. 1 790 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930